• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:59:46
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2017 NEWS

Кәсіпкерліктің қыр-сыры мен бизнестің шеберлігі туралы семинар-шоу өтті

«Қазақстан» қонақ үй, «Grand ballroom» мейрамханасында халқаралық дәрежедегі  бизнес-тренер, оратор, мотиватор Аманжол...

«Қазақстан» қонақ үй, «Grand ballroom» мейрамханасында халқаралық дәрежедегі  бизнес-тренер, оратор, мотиватор Аманжол Рысмендиевтің кәсіпкерліктің қыр-сыры мен бизнестің шеберлігі туралы «ӨРЛЕУ» семинар-шоуы ұйымдастырылды.

Семинар-шоуға Қазақстанның әр аймағынан 500-ге тарта қатысушылар келіп, бизнес туралы тың ақпараттармен толыққанды қамтылып қайтты.

Семинар-шоуға арнайы, құрметті қонақтардың қатарында Қазақстанға белгілі актер Бекжан Тұрыс, ұлттық сарында ән шырқап жүрген әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай т,б. қатысты.

Семинар-шоу таңғы сағат 9 да тіркеуде іріктеліп, кешкі сағат 7 де жабылу салтанатымен шымылдығын жапты. Семинар тек сабақ түрінде жүргізіліп қана қоймай, Қазақстанның белгілі жұлдыздары «Алашұлы» тобы, «Құрманғазы» оркестрі ән мен күйден шашу шашты. Қомақты ұтыс ойындары ойнатылып, ұтысқа қойылған «Hyundai Accent» автокөлігінің кілті Қазақстанның оңтүстік аймағынан келген жігіттің қанжығасына байланды. Сонымен қатар, ұтысқа тігілген (I phone S6, ноутбук, I pad, т.б.) бағалы сыйлықтар ойнатылып, ұтыс иелеріне табысталды.

Бұл жоба еліміздегі кәсіпті жаңадан бастап жатқан, бастаған бизнесін дамытуға ниеттенген әр қазақтың кәсіптегі жолын ашуға көмек беретін тың бастама. Семинар-шоу әлі де тренинг, коучинг түрінде өз жалғасын таппақ.

Аманжол Рысмендиевтің бұдан да басқа семинар-тренингтеріне қатысып, өз бизнесін дөңгелетіп кеткендер көп. Бизнес те техника сияқты, басқара білумен қатар, біліктілкті, білімділікті талап етеді. Еліміз еңсесін тіктеп, дамыған елдердің қатарынан бой түзеу үшін ел экономикасына әр адам тамшыдай болса да өз үлесін қосуы, кәсіппен айналысып мемлекетке иек артпай, өзін-өзі қамтамасыз етуі тиіс.

 

EST корпарациясының менеджері:  Әбдібақыт Гүлден

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір