• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:23:23
+35°

25 Қаңтар, 2019 Саясат

Каракас көшелері қан майданға айнала ма? (видео)

Бұл ішкі саяси текетірес қана емес, сыртқы алпауыт ел мүдделерінің де қақтығысы.

Кешелі –бері Венесуэлада оппозиция мен президент Модуроның жақтастары көшеге шықты. Ұлттық ассамблеяның басшысы Хуан Гуаидо оппозицияның қолдауымен өзін президент етіп жариялады. Олар қазіргі президент Модуроға қысым көрсетіп жатыр. Ел іші екіге бөлінді: бірі Модуроны, екіншілері Гуаидоны жақтайды. Қақтығыстан 23 адам қаза тапқан. Ішкі тартысқа сыртқы күш те әсер етіп жатқаны анық. Тек алаңдайтын бір нәрсе бар: Каракас көшелері қанға боялмаса, болды. Хуан Гуаидоны АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина, Колумбия, Перу, Чили мен Эквадор, сонымен қатар ЕуроОдаққа мүше елдер толық қолдап отыр. Ал Модуроға дем беріп отырғандар–Ресей, Қытай және Түркия.

–Импералистердің зұлымдық ошағы АҚШ біздің елді құлдыққа салуды көздеп отыр. Сондықтан олардың айтқаны болмайды, –деп мәлімдеме жасаған Модуро оларды 72 сағаттың ішінде  елден кетуді талап етті. Бірақ АҚШ билігі кеше олардың бірқатарын қауіпсіздік үшін алып кететінін мәлім етті. Ұлттық ассамблеяның басшысы Гуаидоны жақтаған Ақ үй оны заңды президент ретінде таныды. Тіпті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Модуроны «елдің бұрынғы басшысы» деп те атап жіберді. Соған қарағанда, АҚШ Модуроның билік басында қалғанын қаламайды. Бұған қатысты Ресейдің Сыртқы істер министрлігі өз көзқарасын білдірді: «Венесуэладағы жағдай сыртқы күштердің ел ісіне ашық араласып отырғанын айқын көрсетіп отыр. Олар Венесуэланың тәуелсіздігі мен дербестігіне қол сұқты, ел президентін күшпен қолмен ауыстыруға әрекет жасады».

Президент Модуро биліктің қолдан сусып бара жатқанын сезсе керек, Ресейден әскери көмек сұрады. Егер бұл іске ресми Мәскеу араласатын болса, онда халықаралық жағдай тіпті ушығады. Сондықтан әзірге Путиннің елі әліптің артын бағып отыр. Оның да себебі бар. Жалпы Венесуэла майданына Ресейдің қатысқаны тиімді ме?

Қазірдің өзінде орыс сарапшылары өз болжамын айтып жатыр. Бұдан шығатын қорытынды: Ресей Каракас майданына араласпауы тиіс. Бірақ барынша Модуроны билікте қалдыруға тырысады. Бұл мүмкін нәрсе ме? Онсыз да Ресей Сириядағы соғысқа қыруар қаржысын жұмсады. Сондықтан енді «Венесуэлада ісіне» әскери күшпен араласуға мүмкіндігі де жоқ, әскери қуаты да жетіспейді. Бұл жерде АҚШ күшті. Ақ үй жалғыз емес. оның жанында қолдайтын 20-ға жуық одақтастары бар.

Оның үстіне Венесуэлада жағдай қиын. Халқы кедей, тұрмыс ауыр. Өткен жылы 70 мыңнан астам Венесуэла халқы Браизилияның Рорайма штатына заңсыз көшті. Сондықтан көршілес елдердің барлығы да Модуроның президенттік биліктен кеткенін қалайды. Перу мен Колумбия да жаңа президентті жақтайтынын мәлім етті. Демек, Модуроның билігінен мән кетті. Ел халқы екіге бөлінді. АҚШ президенті Дональд Трамп егер қандай да бір ел Модуроға  әскери жағынан қолдау көрсететін болса, АҚШ қарап қалмайтынын ескертті. Бірақ мәселе әскери күшпен шешілмеуі тиіс. Әзірге жағдайдың қалай өрбитінін айту қиын. Модуро қысымнан салдарынан президенттіктен кетеді немесе елде азамат соғысы басталуы мүмкін. Қалай айтқанда да, Латын Америкасындағы ресейшіл ел қиын жағдайда қалды. Әзірге армия Модуроның жағында, егер олар президентін  қорғаудан бас тартса, онда бітті.

Негізі, бұл ішкі саяси текетірес қана емес, алпауыт ел мүдделерінің қақтығысы болып отырғанын да ашық мойындауымыз керек.

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір