• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:48:58
Алматы
+35°

17 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Канелоның" келесі қарсыласы белгілі болды

"Канеломен" үлкен жекпе-жек өзімді көрсете алатын жақсы мүмкіндік болатын еді", - дейді боксшы.

Геннадий Головкиннен WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің келесі қарсыласы канадалық Давид Лемье болуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатына сілтеме жасап хабарлады. 

"Канеломен" үлкен жекпе-жек өзімді көрсете алатын жақсы мүмкіндік болатын еді. Әрине, онымен жұдырықтасқым келеді. Бұл жекпе-жекті өткізуге болады деп ойлаймын. Дивизиондағы ең мықты боксшымен жұдырықтасқым келеді және оны жеңе аламын деп есептеймін. Головкин туралы айтсақ, мен үш жыл алдындағыдай емеспін. Қазір мүмкіндіктерімді жақсы бағалай аламын", - дейді Лемье.

Айта кетейік, канадалық боксшы Головкин - Альварес бокс кешінің андеркартында ирландиялық Гэри "Спайк" О'Салливанды алғашқы раундта нокаутқа жіберген. 

Ал Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя мексикалық пен Лемьенің жекпе-жегі жыл аяғына дейін өтуі мүмкін екенін айтады: "Мүмкін желтоқсанда жұдырықтасады. Алдымен жағдайға сараптама жасап, боксшылардың жағдайына баға беру керек", - дейді Де Ла Хойя.

Айта кетейік, 28 жастағы мексикалық «Канело» Альварес 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді жеңді. GGG кәсіпқой бокста өмірінде алғаш рет жеңілді. Осылайша Головкиннің титулдарының бәрін «Канело» алды. Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал  Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір