• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:41:07
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 NEWS

Кәмелетке толмаған қыз дүкенде қылмыс жасады (видео)

Полиция күдіктіні сауда үйіне жақын маңда ұстады.

Алматы полициясы жалпы құны 94 880 теңге киім-кешекті ұрлаған кәмелет жасқа толмаған қызды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше сағат 15:20 шамасында Зарина А есімді қыз Рихард Зорге №18 көшесінде орналасқан Mart  сауда үйіндегі Defacto дүкеніне келген.

Видеодан қыздың киім таңдап жүргенін көруге болады. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ұрланған киімдерді сөмкесіне салып алған болуы мүмкін. Одан кейін дүкеннен шығып кеткен.

Defacto дүкенінің директоры полицияға шағымданған. Ол қыздың дүкенге сөмкесіз кіріп, сөмкемен шыққанын байқаған. Дүкен директоры күдіктеніп бейне бақылауды тексерген.

Полиция күдіктіні сауда үйіне жақын маңда ұстады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір