ІЗБАЙЫРОВ САЛАФИЗМДІ АҚТАП АЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?

ІЗБАЙЫРОВ САЛАФИЗМДІ АҚТАП АЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?

Ақтөбедегі терактіден соң ел ішінде діни экстремизм мәселесі қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Дінтанушылар мен өзге де сарапшылар, діни басқарма мамандары терроримзге апаратын себептерді іздестіріп, қауіпті идеологияларға қалқан боларлық ұсыныстарды ортаға тастады. Артынша Алматыда да қайталанған терактіні Мемлекет басшысы, ҰҚК жетекшісі салафизм ағымына қатысы бар радикалдардың әрекеті деп бағалады. Алайда, қоғамда бұл ағымға қатысты пікір екіге жарылып отыр. Бір топ әлемнің әр түкпірінде, әсіресе, араб елдерінің есін алған лаңкестердің негізгі идеологиясы саналатын уаххабизм мен салафизмге заңмен тыйым салып, аталған ағымның үгіт материалдарының таралуына қарсы нақты тетіктер енгізу қажет десе, енді біреулер, салафизмге тыйым салу – адамдардың наным-сенім бостандығын шектеу, конституциялық құқықтарына қол сұғу деп байбалам салуда.

Сенім сергелдеңіне қатысты пікір білдіріп айтысқан сарапшылар ақпарат алаңында «соғыс» жүргізіп жатыр десе де болады. Салафизмге тыйым салуды жақтайтын тарап жат ағымды жақтаушылардың әрекетін қоғам назарын басқа жаққа аудару, қате қоғамдық пікір қалыптастыруға, елді адастыруға талпыныс деп те бағалауда.

Мәселен, Ақтөбедегі «Аңсар» консультативтік-сауықтыру орталығының директоры Асқар Сабдин 2011 жылдан бері түрлі діни оқиғалардың ортасында жүргенін, 30-дан астам конференцияларға қатысқанын, солардың барлығында салафизмді бұрмалап түсіндіру талпыныстарына тап болғанын, ондай процестерге тіпті бизнес-элита өкілдері, сарапшылар мен шенеуніктер, ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдері де жұмылдырылатынын айтады.

«Әрбір кезекті конференция салафизм табиғатының қалыптылығы мен радикалдылығы туралы пікір-таластарға ұласып кететін. Салафизм идеологиясын және мемлекеттік органдардың оларды ақтауға тырысатынын ашық сынағандар түгелдей ақпараттық алаңда, танымал сайттарда дискредитацияға ұшырап келді. Салафиттік «экспертократия» оларды шииттер, хабашиттер, сектанттар, сопылар, агенттер, тіпті, қоғамдық тұрақтылықтың дұшпандары етіп шығарды», - дейді А. Сабдин.

Сабдиннің сезіктенуі бекер емес сияқты. Қазірдің өзінде салафизмді «сурурит», «матхалит», «такфирит» деп үшке бөліп, мынасы қалыпты, анасы «радикал» деп көрсететін, осылайша түрлі лаңкестік әрекеттерге жетелейтін ағымды ел алдында ақтап алуға ашық әрекеттенушілер бар.

Жақында ресейлік «Ақпараттық талдау орталығы» сайтына сұхбат берген қазақстандық дінтанушы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбайыровтың кей пікірлеріне қарап күмәнданып та қалдық. Қазіргі уақытта парламентте қаралып жатқан экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі заң жобасына қатысты пікір білдірген дінтанушының кей сөздері А. Сабдиннің ескертуін еске салатын сияқты. А. Ізбайыров заң жобасындағы терроризм, экстремизммен күреске бағытталған нақты ұсыныстарды қолдайтынын, алайда, ең алдымен «салафизм», «салафит» деген терминдердің басын ашып алу керектігін айта келе былай депті:

«Мұсылмандарды салафитке жатқызуға болатын шарттарды анықтау өте қиын. «Алла барлық жерде емес, Алла аспанда» дейтіндерді салафитке жатқызуға бола ма? Онда біз Конституция аясындағы ар-ұждан, наным-сенім бостандығын бұзбаймыз ба? Адамның қалай сенетіні оның жеке ісі, бастысы оның заңды құрметтейтін азамат болуы емес пе?», - деген ол аталған ағымға тыйым салу үшін Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігі кедергі болатынын айтқан.

«Қазақстан – діни ілімдерді заңмен бекітетіндей діни мемлекет емес. Мұндай күрделі де жіңішке мәселелерді қалайша реттеп, нормалар аясына сыйғызуға болады?», - деп сұраққа сұрақпен жауап береді А. Ізбайыров.

Ал, оның «Ең бастысы, салафизмге тыйым салуды радикалдар мұсылмандарды қудалау, тұтастай ислам дініне тыйым салу деп түсінуі мүмкін», - деген уәжін мемлекеттік органдар мен идеологиялық құрылымдарға бағытталған демонстрациялық шантаж деп түсінбеске шара жоқ. А. Ізбайыровтың айтуынша, бірқатар әлемдік БАҚ-тар «Қазақстан лаңкестік қауіптерге қарсы тұра алмай көмекке мұқтаж» екенін жазып жатқан көрінеді. Оның үстіне мұндай тыйымдар ел аумағында лаңкестік ұйымдардың шабуылын үдетіп жіберуі мүмкін екен. Сондықтан да, дінтанушы мемлекеттік органдарды «отпен ойнамауға» шақырады.

Салафизмнің бір тармағы саналатын такфиризмге Қазақстанда ресми тыйым бар көрінеді. А. Ізбайыров радикалдармен күресу үшін осы тыйымның өзі жеткілікті деп санайды. Алайда, такфиризмге салынған тыйымның елдегі лаңкестік әрекеттердің тыйылмауына неге әсер етпей отырғанын ашып айтпайды.

Ең қызық жері А. Ізбайыров тек дінтанушы ғана емес, саяси технологиялардан хабардар, билік жүйесіндегі алда болатын өзгерістерді қатты уайымдап жүрген жан екенін байқатады.

«Басты мәселе мұндай радикалды саяси шешім қабылдау билік транзиті қарсаңында қаншалықты дұрыс? Мұның өзі үлкен қатер емес пе?» деген екіұшты сауалы салафизмнің саяси мақсат, мүдделерден де ада еместігін аңғартқандай.

Осылайша елдегі діни радикализммен күрес мәселесіне қатысты ойларын дінтанушы идеологияға тек идеологиямен қарсы тұру керек, мемлекет Әбу Ханифа мәзһабының негіздерін нығайтуға күш салуы керек деп қорытындылайды.

«Менің ойымша оның (Ханафи мәзһабының – ред.) потенциялы терроризмнің алдын алу үшін толық пайдаланылып отырған жоқ. Біз экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында таза діни ұғымдарға қатысты абстрактілі мәселелерді талқылап, көп қателік жібердік», - деген А. Ізбайыров жамағат арасындағы Жаратушының сипаттары мен мекеніне қатысты дау-дамайға мән берудің қажеті жоқтығын айтқан.

Дінтанушының сұхбатынан өзіміз күмәнданған пікірлерін тізіп шықтық. Ал, ондағы салафизмге арнайы заң арқылы немесе сот шешімімен тосқауыл қою конституция талаптарына қайшы келе ме, белгілі бір діни ағымдарға тыйым салу ел аумағындағы діни топтардың радикалдануына, лаңкестік шабуылдардың артуына себеп бола ма, жат идеологиялар мен идеологтардың қызметіне тосқауыл қоймай тұрып, дәстүрлі діни таным-түсініктерді тарату мүмкін бе деген мәселелерге қатысты арнайы мамандар (заңгерлер, дінтанушылар, саяси сарапшылар) мен дін қызметкерлері өз ойларын айта жатар. Танымал теологтың бұған дейін де жарияланған сұхбат, мақалалардағы ой, пікірлерін ескере келе әзірге көкейде тұрғаны - «Дінтанушы ағамыз рухани саладағы осы күнге дейінгі босаң саясатты пайдаланып сан соқтырған салафизм ағымын ақтап алғысы келе ме?» деген жалғыз сұрақ. 

Жомарт Абдоллаұлы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 жыл бұрын

    Бұл жігіт өте қауіпті. Тазабеков-Тілеухан тобында жүретін жігіттің бірі. 8347

    • 2 жыл бұрын

      Ізбайыров вахаб салафия жақтаушы жəне ақтаушы,берген ақшаны ақтап жатқаны.Ақ ниеттегі теологтар вахаб-салафилар.

      • 2 жыл бұрын

        Бұл кісінің ханафи деп тұрғаны қандай ханафи екенін білеміз. Кезінде нағыз Матуриди сендер емессіңдер, нағыз Матуриди міне деп Аяз Ниязи деген сəлəфиді жақтағаны есімде. Қауіп тəкфирлерден ғана келеді деп "отвлекающий маневр" жасайды. Жалпы айтқан сөздері Дарынның шəкірттерінің сөздеріне ұқсайды.

        1
        "Айка" фильмі Норвегияда да жеңімпаз атанды (видео)
        21/11 13:07 0 106
        2
        Бекболат Тілеухан Елбасы мақаласы хақында: Тағы да атқа қоныппыз
        21/11 11:47 0 335
        3
        Басаев бандасының ең жас мүшесі 23 жылдан кейін ұсталды
        21/11 11:33 0 424
        Алматыда MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ басталды
        21/11 11:31 0 139
        Абайлаңыз! «Маша және аюдың» астарында Ресейдің арам пиғылы жатыр
        21/11 11:02 0 1003

        Таныстырылғандар

        190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
        190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
        190 фильм сынға түскен халықаралық байқауда "Айка" бас жүлдені алды
        Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.
        12/11/2018 10:40 0 2636
        31 арна ПИК жұмысшылары туралы комедиялық телехикая көрсетеді
        31 арна ПИК жұмысшылары туралы комедиялық телехикая көрсетеді
        31 арна ПИК жұмысшылары туралы комедиялық телехикая көрсетеді
        «31 арнада» «Еңбекші» деп аталатын жаңа комедиялық телехикаяның эксклюзивті көрсетілімі басталады
        12/11/2018 13:55 0 871
        Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
        Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
        Бүгін Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің әруағына құран бағышталды
        Бүгін Алматыда саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зират басына гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
        12/11/2018 14:19 0 8748
        Өскеменде бірнеше көшенің атауы қазақшаланды
        Өскеменде бірнеше көшенің атауы қазақшаланды
        Өскеменде бірнеше көшенің атауы қазақшаланды
        №9 және №11 көшелеріне еңбек сіңірген педагог, еңбек қайраткері Жақия Шайжүнісов пен ғалым, шығыстанушы Лев Гумилевтің есімдері берілді.
        12/11/2018 15:27 0 1385
        Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
        Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
        Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім
        Бүгін сотта соңғы сөзін сөйлеген Малика Мұхитова марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрады.
        13/11/2018 11:26 0 5341
        Қырғыз режиссердің Шыңғыс Айтматов сыйға тартқан көлігін өртеп кетті
        Қырғыз режиссердің Шыңғыс Айтматов сыйға тартқан көлігін өртеп кетті
        Қырғыз режиссердің Шыңғыс Айтматов сыйға тартқан көлігін өртеп кетті
        8 қараша күні кешкісін режиссер тұратын үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен.
        15/11/2018 09:33 0 1110
        Жедел жәрдем келгенше көз жұмған 7 жастағы қыздың екі бауыры ауруханаға түсті
        Жедел жәрдем келгенше көз жұмған 7 жастағы қыздың екі бауыры ауруханаға түсті
        Жедел жәрдем келгенше көз жұмған 7 жастағы қыздың екі бауыры ауруханаға түсті
        «Інжуімнің өлімінен кейін екі қызым қатты күйзеліске түсіп кетті», - дейді Динара Баймағамбетова.
        15/11/2018 10:58 0 5055
        Желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігі туралы дүниежүзінің ғалымдары не дейді?
        Желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігі туралы дүниежүзінің ғалымдары не дейді?
        Желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігі туралы дүниежүзінің ғалымдары не дейді?
        НЕГЕ бүкіл әлем Желтоқсанға КӨТЕРІЛІС деген баға бергенде, Тәуелсіз Қазақстан әлі күнге дейін «ОҚИҒА» дегеннен танбай келеді?!
        16/11/2018 09:49 0 12361
        Иманғали Тасмағамбетов ресейлік студенттермен қазақша сөйлесті
        Иманғали Тасмағамбетов ресейлік студенттермен қазақша сөйлесті
        Иманғали Тасмағамбетов ресейлік студенттермен қазақша сөйлесті
        Бүгін Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық Университетінде қазақ тілі мен мәдениет орталығының 15 жылдығына орай салтанатты жиын өтті
        16/11/2018 18:18 0 4857
        Қызылордадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды (видео)
        Қызылордадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды (видео)
        Қызылордадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды (видео)
        Бейресми дерек бойынша, аталмыш жол апатынан 10-20 адам қайтыс болған. Тағы бір айта кетерлігі екі автобустың иесі бір деген де деректер кездеседі.
        17/11/2018 00:27 0 6847
        Димаштың анасы келінінің бойында қандай қасиет болуы керек екенін айтты
        Димаштың анасы келінінің бойында қандай қасиет болуы керек екенін айтты
        Димаштың анасы келінінің бойында қандай қасиет болуы керек екенін айтты
        Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келінінің қазақ отбасынан шыққанын қалайтынын жеткізді.
        17/11/2018 12:14 0 1368
        Елордада «Тіл-Қазына» орталығы республикалық онлайн семинар өткізді
        Елордада «Тіл-Қазына» орталығы республикалық онлайн семинар өткізді
        Елордада «Тіл-Қазына» орталығы республикалық онлайн семинар өткізді
        Онлайн семинардың мақсаты –онлайн режимде жүзеге асыру арқылы қазақ тілін меңгертудің әдістемесін жаңа деңгейге көтеру.
        19/11/2018 13:00 0 283
        «Түркістан» ӘКК» цифрландыру жобаларына атсалысады
        «Түркістан» ӘКК» цифрландыру жобаларына атсалысады
        «Түркістан» ӘКК» цифрландыру жобаларына атсалысады
        Сарыағаш қаласының әкімі Сәуле Сүлейменова «Түркістан» ӘКК» «Цифрландыру орталығының» өкілдеріне алғысын білдірді.
        12/11/2018 14:30 0 153
        «ULYS» Қазақстандағы тұңғыш цифрлқ журнал
        «ULYS» Қазақстандағы тұңғыш цифрлқ журнал
        «ULYS» Қазақстандағы тұңғыш цифрлқ журнал
        Спикерлер «ULYS» цифрлық журналы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
        12/11/2018 15:06 0 156
        Алматыда MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ басталды
        Алматыда MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ басталды
        Алматыда MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ басталды
        БАҚ жұмысының тиімділігіне талдау жүргізуге арналған дүниежүзі мойындаған технология – Chartbeat сервисін Қазақстанда іске қосу аясында шеберлік сабағы өтеді.
        21/11/2018 11:31 0 139