• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:40:01
Алматы
+35°

Кез келген нәрсенің картасының болатыны секілді, адам ағзасының да өз картасы болады. Соған қарап, қай ағзаңыз ауыратынын байқап көріңіз. Байқап қана қоймай, емін іздеп, ертерек әрекет етіңіз. Ендеше, мархабат...

ағза картасы
1 - сурет. 
Іш қуысының жоғарғы сол жақ жоғары бөлігі - асқазанның орналасқан орыны. Ол - ас қорыту жолдарының кеңейген бөлігі. Егер бұл жерде ауырсыну пайда болса, созылмалы гастрит, асқазан жарасы немесе асқазан қатерлі ісігі болуы мүмкін.

ағза картасы
2 - сурет
Іш қуысының жоғарғы ортаңғы бөлігі - 12 елі ішектің орналасқан бөлігі. Ас қорытуға көмектеседі. Бұл бөлік ауырсынуды сезінсе, онда ішектің ойық жарасы, созылмалы панкреатит болуы мүмкін. Бұл кезде ішімдік ішуден бас тартқаныңыз дұрыс.

ағза картасы
3 - сурет
Іш қуысының жоғарғы сол жақ бөлігі - бауыр және өттің орналасқан орны. Ал бауыр организмнің сүзгі қызметін атқарады. Бұл жер ауырсынса бауыр рагы, гепатит немесе цирроз болуы мүмкін. 

ағза картасы
4 - сурет
Іш құрылысының ортаңғы екі жақ бөлігі бүйректің орналасқан жері. Бүйрек - зәр шығарудағы басты ағза. Бұл жер ауырсынса, бүйрек қатерлі ісігі, нефрит болуы мүмкін.

ағза картасы
5 - сурет
Іш құрылысының ортаңғы бөлігі - асқазан жүйесінің маңызды компоненттері, ішектің орналасқан бөлігі. Бұл жерде колон полипы немесе колон безі ісігі сияқты аурулар болады.

ағза картасы
6 - сурет 
Бұл орында бүйректен басқа ішектердің түйісетін орны. Дәл осы тұста ауырсыну байқалса, артық еттің өсіп шығуы мүмкін.

ағза картасы
7 - сурет 
Соқыр ішектің орналасқан жері.

ағза картасы
8 - сурет 
Жыныс мүшелері мен қуықтың орналасқан бөлігі.
Бұл жер ауырсынғанда қуықтың қабынуы және ер адамдар мен әйел адамдарға тән әр түрлі аурулар болуы мүмкін. 

ағза картасы
9 - сурет
Тік ішектің орналасқан бөлігі.
Бұл жер ауырсынса, ұзақ уақыт бойы жиналған аурулардың қозуына, нәжіс шығаруға тікелей себеп. 

Осы аталған жерлерде ауырсынуды байқаған болсаңыз, тездетіп ем алыңыздар. 

"Себепті нүкте" негізін қалаушы, ІІІ дәрежелі массаж маманы - Тұрсынгүл Әсемханның инстаграм парақшасынан

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір