• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:17:50
Алматы
+35°

25 Тамыз, 2018 Әлеумет

Ықылас сүресін жатқа айтатын 3 жасар Сырым өмір сүргісі келеді

Сырымның ата-анасы шетелдік клиникалармен сөйлесіп жатыр.

Инстаграмнан «Сырымды аман алып қалу» (www.instagram.com/sos_spasti_syryma) парақшасынан 3 жасар Сырым Жаданұлының жағдайын көріп көзіме жас келді. Парақшадағы бұрынғы фото мен видеоларда Сырым жүгіріп ойнап жүр, көзінде де, аяғында да ешқандай ақау жоқ еді. Соңғыларында баланың көзі қылиланып, жүруі нашарлаған. Кеше ғана кішкентай інісімен мына әлемге тамсана қарап жүрген ойын баласы бүгін төрт қабырғаға телміріп отыруға мәжбүр. Себебі дені сау балаға күніне бірнеше мәрте шалынып құлау қалыпты жағдай болса, Сырым Жаданұлы үшін ол өмірімен қош айтысумен пара-пар. Қарапайым ғана доп оның бас сүйегіне зақым келтіріп, өмірлік маңызы бар ағзаларының жұмыс істеуін тоқтатуына әкеліп соғуы мүмкін. Әсіресе көпшіл бала үшін бұл қиынға соғатыны анық.

Сырым

Сырымның қазіргі жағдайын білу үшін анасына хабарласқан едік. Әсия ханым таңның атысынан күннің батысына дейін Сырымға бас көз болып әрбір қимылын бақылап, қамқор болып отырғандықтан әкесі келгенше сұхбат бере алмаған еді. Анасы бауыр еті баласының қамын ойлап, барынша ыңғайлы жағдай жасап отыр.

Сырым сәби кезінде өзін басын қабырғаға әдейі ұрған жағдайлар болған. Анасы бірден Сырымды невропотологқа көрсетті.

- Дәрігер ешқандай қауіп жоқ, көп бала солай жасайды, Сырымның дамуында  ешқандай ақау жоқ екенін айтып, тыныштандыратын дәрілерді жазып беріп шығарып салды. Дәрігер болғаннан кейін сендік қой. Қазір қарап отырсақ, сол кезде-ақ ептеп аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған екен ғой, дейді Әсия ханым.

Сырым небәрі үште болса да өмірге үлкендердің көзімен қарайтын секілді. Көп ересек адамда кездеспейтін сабырлылық, ұстамдылық бар. Басындағы дерт қылау берсе де бәріне шыдап, үндемеген. Ата-анасы сондықтан көпке дейін Сырымның дерті бар екенін білмеген.

Аурудың айқын белгілері жақында біліне бастаған. Ісік миға әсер етіп, көру, жүру қабілетіне жауап беретін бөлігіне әсер еткен. Соның салдарынан бүлдіршіннің көру қабілеті нашарлап, көзі қылиланып, өздігінен жүруден қалды.

Сырым

Сырым

- Ісік баланың өміріне қауіп төндіріп тұр. Уақыт аз. Құдайға шүкір, 2 айдың ішінде ісіктің көлемі өспеген сияқты. Бірақ баланың жағдайы нашарлап барады. Жүруі қиындады. Аяғын баса алмайды. Дәретке барғанда қиналады.

Басында ісігі барлар түнде қорқынышты түстерді жиі көреді екен. Сырым түнде «Ха-ха» деп, түсініксіз дыбыстар шығаратын болды. Біз оның бұл әрекетіне таңғалдық. Бұл аурудың белгілері еді.

Бұрын «Маша и Медведь» мультфильмін көретін. Пойыз, машина туралы мультфильмдерді көп қарайды. Ютубтан кездейсоқ зомби, адамдардың қаңқасы бар мультфильмдері көріп қалып, қазір тек сондай мультфильмдері көретін болды. Жарты жылдай болды оны сол әдетінен арылта алмай жүрміз. Мүмкін өзінің қазіргі жағдайымен сай келе ме екен? Ішкі жағдайын сөзбен жеткізе алмай, осылай мультфильм арқылы жеткізіп жатыр ма? Білмеймін, дейді анасы.

Сырым

Сырым көпшіл бала. Анасы Сырымның «Мейрамханаға барайық» деген ұсынысты жиі тастайтыны айтады. Ондағысы адамдарды сырттан бақылап, көпшіліктің ортасында жүру екен. Мұндай өмірді, адамдарды сүйетін балаға азаннан кешке дейін дертіне байланысты үйде отыру оңайға соқпайтыны анық. Сырымның өмірді сүйетінін оның айналасындағыларға мейірлене, махаббатпен қарым-қатынас жасайтынынан-ақ аңғаруға болады. Жан-жануар десе ішкен асын жерге қояды. Өзінің тасбақасы да бар. Оған үнемі қамқорлық танытып жүреді. Бұрын иті болған екен. Сырым әсіресе ұлуды жақсы көреді. Болашақта дәрігер болуды, ұшатын көлікте жүруді армандайтын балаға бұл тән мінез дерсің.

Сырым

Сырым

Сырым

2018 жылдың маусым айында дәрігерлер 3 жастағы Сырымның басында бас сүйек миының диффуздық глиомасы бар екенін анықтады. Содан бері Сырымның ата-анасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды. Барлық арман, мақсаты – баласын аман алып қалу. Ал ол үшін қомақты қаржы керек.

Келісім шарт

Заключение

Келісім шарт

Реквизиты: ? Каспий голд: 5169 4931 8616 4938
ИИН: 861218301232 -» BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович (Отец)
? Каспий депозит: ИИН: 861218301232 -» BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович (Отец)
? Халык банк: 4390 8782 0416 6580
ИИН 861218301232 -» BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович (Отец)
? KAZKOM: 4003 0327 5608 8094 (если онлайн транзакций не проходят, можно будет пополнить через банкомат)
Бисенбин Жадан Амирханович (Отец)
? VTB банк: 4893 3370 0046 9369 -» BISSENBIN ZHADAN
Бисенбин Жадан Амирханович (Отец)
? QIWI-кошелек: +77014142222

 

#Repost @seriknurbekov with @get_repost ・・・ Друзья жизнь, маленького Сырыма Жаданулы (18.10.2014г.) в наших с Вами руках! 26 июня 2018 года у Сырыма обнаружили прогрессирующую опухоль головного мозга. В Японии готовы принять его на лечение! Просим всех неравнодушных людей помочь собрать необходимую сумму на лечение. Сырым очень ждёт Вашей помощи, каждая минута дорога!!!??? Спасибо вам!!! Берегите ваших близких!!! ______________________________ Реквизиты: ? Каспий голд: 5169 49318616 4938  ИИН: 861218301232 -» BISSENBIN ZHADAN Бисенбин Жадан Амирханович (Отец) ? Халык банк 4390 8782 0416 6580 ИИН 861218301232 -» BISSENBIN ZHADAN Бисенбин Жадан Амирханович (Отец) ? Kаспий голд: 5169 4931 3101 7744 ИИН 580406401883 Бурлибаева Нурлыхан Амиркуловна (Бабушка) ? QIWI-кошелек: +77014142222 #spasti_syryma #amirkhan_syrym #syrym_amirkhan #spasti_rebenka #sbor_na_operaciyu #sbor_na_spasenie_syryma #opuhol_mozga_sos  #sbor_na_operatsiyu #pomogite_syrymu_vyzhyt  #pomogite_syrymu #spasite_malisha

Публикация от Помогите спасти Сырымчика ??? (@sos_spasti_syryma)

Жасы небәрі үште болса да үлкен жігіт болғанда дәрігер болғысы келетінін айқын шешкен баланың өмірі үшін күрес қаражатқа келіп тіреліп тұр. Кезінде қолына дәрі-дәрімек салынған қобдишасын алып көшедегі қарияға келіп, жымиып қана қарияға дәрігер ретінде көмегін ұсынған бала қазір өзі көмекке мұқтаж.

Сырым

Сырым

Сырым

- Сырым әрбір ісін ойланып істейді. Бет албат күле бермейді. Әрбір ісін ойланып істейді. Бір жері ауырса көп жылмайды. Үндемей, шыдап отыра береді. Сондықтан болар біз білмей, байқамай қалдық. Диагноздың жаман жері ауыртпай, білдірмейді екен.

Сырымның ата-анасы шетелдік клиникалармен сөйлесіп жатыр. Жапониядағы аурухана 800 мың доллар сұратып отыр. Германия клиникасынан да жауап күтіп отыр.

-Жапониядағы клиника «Қараймыз, тексереміз. Сіздердікі жаман диагнозға келіп тұрған сияқты» деді. Германия, Қытайдың клиникаларымен байланыстық. Қытайда жақсы таныс профессорлар ауру қатты өтіп кеткенін айтады.  Қазір сәулелі терапия жасағанымен де баланың өмірін аман алып қалу екі талай деп ескертті.

Қатерлі ісігі бар қызын шетелде емдетіп жүрген Алтай Көпеймен сөйлестім. Оның айтуынша, клиника 200 мың сұраса, 400 мыңмен келу керек екенін айтады. Баланы жан сақтау бөліміне жатқызуы мүмкін. Онда бір тәуліктің өзі қымбат. Ал бала бір күн емес, 20 немесе 30 күнде есін жиюы мүмкін ғой, дейді анасы.

Ал Қазақстандық онкологтар ісік жұлында болғандықтан оны емдемейді. Нейрохирургтар баланы қарап, оған операция жасасаң да, жасамасаң да өмір сүрмейтінін айтып отыр.

Сондықтан Сырымның ата-анасы баланы шетелге емдетпекші. Көрші Ресейдегі атақты нейрохирург педиатр Сырымды дереу ауруханаға жатқызып, сәулелі терапиямен емдету керек екенін айтқан. Алайда ол баланы мүгедек қылуы мүмкін. Сондықтан мұндай терапия түріне ата-анасы келіспей отыр.

Сырымның ата-анасы баланы клиникаға жатқызуға жететіндей қаражат жиналғанша, балаға үйде қолынан келгенше емін жасап жатыр.

- Германиядағы клиника 200-300 мың еуро сұрап отыр. Қаражат жағынан қиналып жатырмыз. Дәрігерлермен кеңесіп Украинадан иммунитет көтеретін препараттарға арнайы тапсырыс бердік. Қол қусырып отыра алмаймыз ғой. Бір жарым айда бірталай ақша кетті. Мүмкін 15 мың, мүмкін 20 мың доллар кеткен шығар. Миды емдемесі қиын ғой. Анау-мынау препараттарды балаға беруге болмайды. Бір препаратқа 200 мың, 300 мың еуро кетеді.  Қаржылық жағдайы орташа жанұя болсақ та қиын соғып тұр. Қиналсақта Құдай көмектеседі деп сенеміз, дейді Сырымның анасы.

Сырымның анасы жақында қызық жағдай болғанын айтады. Әсия ханым қолына Құран кітап ұстап тұрған еді. Сырым Құранды көре салысымен сұрап алды. Ары қарай болған жағдай таңғалдырмай қоймады.

- Төрт-бес күні бұрын қызық жағдай болды. Сырым Құранды бер маған дейді. Бергеннен кейін Құранды ашып «Бисмиллахи рахмани рахим» деп бастап Ыхылас сүресін жатқа оқып жатыр. Әкесі екеуіміз қатты таңғалдық. Күйеуім «Видеоға түсірші, бұл бекер емес» деді. Мен видеоға түсіріп алдым. Біраз уақыт Құран оқып отырды. Баланың Ыхылас сүресін білетінін білмедік. Оған ешкім үйретпеді де, деп таңғалысын жасырмады.СырымСырым

Сырымның ата-анасы бұл жағдайды жақсылыққа балап отыр. Жақсылықтан үміт үзбейтін жандар Сырымның өмірі үшін күресуге білек сыбана кірісті.

Сырым мен оның жақындары үшін әрбір күн үлкен рөл ойнайды. Сырымды емдету үшін қажетті қаражат әлі толық жиналмады. Сондықтан Сырымның ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрап отыр. Сырымның өмірін аман алып қалуға болады. Бала өскен сайын да ісік кішіреюі мүмкін. Тек дереу сапалы медициналық көмек көрсетілуі керек.  "Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Адамның адамдығы көмекке мұқтаж жанға қол ұшын беруде, материалдық немесе дұғамен болса да көмектесу, қолдау білдіруде білінеді. Өз ұшатын көлігі болатынына кәміл сенетін тәп-тәтті балақайдың арманына жетуіне ықпал ету Сіз бен біздің қолымыздан келеді. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір