Ықылас Ожайұлы. Голограмма(Джон Кехо  немесе Сұраған ақын)

Ықылас Ожайұлы. Голограмма(Джон Кехо  немесе Сұраған ақын)
Ⓒqamshy.kz

Біз кез келген мәтінді сөз деп қана түсінетін мүгедек  танымға түстік. Әрине, «ноқталы ми» шеңберінен шыға алмауымыздың  басты импульсі   үш ғасырлық отарлау саясатында жатыр. Отарлау дегеніміз  –   нысанаға алынған  этностың еркін ой ағысын толығымен тежеп, бозжусан болмысын басқалай бағытқа  өзгертіп жіберу ғой.  Тоқыраған танымнан бір  мысалды  куәгерлікке тартайық.  Айталық, батырлар жырында көп кездесетін «Отқа салса жанбайтын суға салса батпайтын» түсінігі  дәл қазір біздер үшін  батырды әсіре көтермелеу секілді болып қабылданары  анық. Осы бір отқа жанбау оқиғасы киелі төрт кітап  парағында да қатталып қалған екен. Бұл  көбіне Ибраһим пайғамбар өміріне тиесілі. Көне хиссада пайғамбар қарсыластары ішіне ағаш өртеліп  әбден  нарттай қызарған  ор ішіне  Ибраһимді лақтырғаны баяндалады (Аталған оқиға Құранда  «Әнбия» сүресінің 69-аятында да  айтылады). Бір қызығы, жоғарыдағы  кітаптардың  барлығы да бір ауыздан  Ибраһим пайғамбардың  бұл  отқа  жанудың  орнына, керісінше  селк-селк етіп тоңғандығын  әрі  аталған «қияметтен» аман-сау құтылғанын алға тартады.  Міне, хиссаның ұзын-ырғасы осы ғана. Біз күдікке жосын ұялатып бұл хисса дерегіне нанбайтындар қарасының  мол екендігін ептеп ішіміз сезеді (Алайда  біздер  үшін бұл ешқандай  да  жалған  ақпар емес). Оқиғаның осылайша  құбылып кетуіне басты  дәйек  болған АДАМ  РУХЫНЫҢ  күші  мен дәргейі  дейміз.  Ибраһим пайғамбар лаулаған отқа неге жанбады? Бұл нендей заңдылықтардың негізінде жүзеге асты, міне бұған еш бас қатырғымыз жоқ. Керек десеңіз сол пайғамбардың өзі ет пен сүйектен жаратылған адам баласы екендігін есімізден шығарып аламыз. Біз көбіне мұндай тұлғалардың (полигамия немесе сақалы секілді) сыртқы сипаттарына ғана еліктегеніміз болмаса, ал ішкі рухани жан қабаттарына атымен де аттап басқымыз келмейді. Пайғамбарлар мен данышпандардың (дұрысы тұлғаның)  басты миссиясы адамды өз танымына тәрбиелеп, өзі жеткен кемел рух кеңістігіне көтеру ғой. Көне Мирдад кітабындағы бір ғақлия: «Сіздің әр ойыңыз аспанда жалындаған үлкен әріптермен жазылып,  ол әр адамға көрінеді деп ойласаңыз, шындығында да  дәл солай болады», – дейді.  Ендеше  «Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын»  ұғымы әсіре сөз  емес, адам  рухының  шын анықтамасы екен. Сол үшін де  біздің бабатаным  рухын  игерген  осындай  жандарға  БАТЫР  деп  айрықша  атау  беріп  отыр. Сонымен  батыр дегеніміз тек биологиялық  бұла күш иесі ғана емес, өз рухын емін-еркін  игерген  ғажайып адам (Ал мұндай РУХҚА қожайын болған  жанның мысалына Ибраһим ғалайһсаламның оқиғасы куә деген ойдамыз). Біз өкінішке қарай  рухтың  мұндай  дәргейіндегі  жойқын  кереметтерді «бақсылық» деген бір-ақ  атаудың  айналасына ғана топтап,   белінен сыздық та салдық.  Әйгілі Архимедтің  «Егер  маған  тіреу  нүктесін берсеңдер жер шарын да төңкеріп тастаймын» пайымында тек физикалық  мазмұн ғана емес,  алапат  рухтың да  әмірі  жатыр. «Адам бұ дүниеге келгенде біреуге қызмет ету үшін емес ( табынғаны пайғамбар болса да), өз кесесін тауысып ішу үшін, өз рухын тану үшін келді», – дейді Таласбек  Әсемқұлов. Бұл постулат адам өз рухын танығанда ғана болмыстың мәні айшықтала түсетінін ишаралап тұр ғой.  Ендеше,  ақыл ми  мен материяның, ал  рух  Алла  мен  адам арасын байланыстырған  бейне бір көпір іспетті. Біз бұдан адам  баласының асқақ мандатын пайымдаймыз. Төмендегі Сұраған Рахметұлының өлеңі де осы өлшем жайын  сөз етіп отыр.

 

                                 Қара жерменен ғазиз де қарбыз

                                 басым тең.

                                 Сана жұлдызы жарқырап аққан

                                 жасыл сең.

                                 Алғашқы заңдылық жазылған

                                 тастар айтады:

                                «Қаймана халық құдайдан жалғыз

                                  жас үлкен...»

 

                                  Алты құрлығым ауаның, будың

                                  Күшінен,

                                  Тұрса да оның өлімі қос аяқ

                                  Малғұн – Кісіден.

                                  Екінші формула:

                                  Етпенен жүрекке қатыссыз:

                                  Жалпы жұртымды-жарты құдай деп

                                  түсінем!

 

Канадалық танымгер жазушы Джон Кехо өзінің «Подсознание может все» кітабында  голограмма деген ұғымға арнайы тоқталады. «Әлем – бұл алып голограмма. Ал голограмма дегеніміз – «біртұтас дене». Яғни ғалам – бүтін ағза деген сөз» дейді автор (Осы теорияны тұңғыш рет тапқаны үшін 1947 жылы Денеш Габор (Денис Гарбор) деген венгр ғалымына Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілген  екен). Кехо аталған ұғымға терең талдау жасай  отырып, адам  таңданарлық  мынадай  ақпар  береді.

Ол «Упанишад» (Көне Ведалық санскрит тілінде жазылған діни-философиялық трактат) кітабынан: «Бір тал шөп (жазықыз) жұлынғанда, барлық әлем дір етеді» деген ойға сілтеме жасайды. Сосын бұл  ұғымның айнадай  ақиқат екендігіне ғылыми  тұрғыдан  айғақтар  іздейді.

Рас, дүниенің «біртұтас», сондай-ақ бір-бірімен етене байланыста екендігін алаштың рухани көсемі Әлихан Бөкейхан да өз еңбегінде атап өткен екен. Біз әдетте «жеті жоқ» тізімін  жақсы білеміз ғой.  Бірақ та «...құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деп жалғаса беретін осы тізімге «неге бұлай» деп бірде біреуіміз қарымта сауал қатпаған секілдіміз. Жаратылыстың өзара байланыста болатынын әрі бірінсіз бірінің күні жоқ екендігіне алаш арысының мына бір жазбасы  куәгер бола  алады  деген ойдамыз.

«...Жылқының жалындағы, мойнындағы, сирағындағы сірке-бүгелектің жұмыртқасы. Бүгелек құрт мүшелін жылқының таз қартында өткізеді. Жылқы қасынысқанда сіркені сілекейіне жұқтырып алып жұтып салады. Сірке таз қарын барғанда, қоныс жаңа келісті ғой деп құбылып құрт болады. Құрт жасы толғанда тезекпен араласа жерге түсіп, желіннің басында бұршақ мүшелін өткізіп, бүгелек болып шыға келеді...», – дейді. Бұл  қарапайым ғана мысал болғаныменен ішкі мазмұны өте зор.  Ал мұны не  үшін  айтып  сөз  шығындап  отыр  дейсіз  ғой.

Егерде жылқы болмаса бүгелектің де атымен болмайтынын, жоғарыда аңдатқан жылқыда өт болмауының жұмбағы да осы бір жаратылыс сырында  жатқандығы үшін Әлихан  дерегін әдейі  келтіріп  отырмыз.

Шығыстың алыптар галереясының сапындағы Сағди Ширази: «Барлық адам бір ғана адамның денесін құрайды. Сол сияқты неше миллиард адам бір ғана адамның болмысын құрап тұр. Бойыңда бірер клеткаң ауруға шалдықса, соның азабын бүкіл тәнің тартады. Бұл да бейне бір сол секілді. Жер шарының басқа бір шетіндегі бір адамның баласы қасірет пен қайғыға душар болып, соған жүрегің еш ауырып сыздамаса, тәйірі, сен  адам емессің», – дейді данышпан. Мінеки, жәй ғана екі аяқты пенде емес, адам болудың  парызы әманда қиын. Осыған қарап отырып дүниенің «біртұтас дене» екендігін, бұл мысалдар жер бетінде орын алған кез келген келеңсіздікке әрбір жан иесінің пұшайман хал кешетіндігін сезіндіріп тұрғандай. Сонымен «Упанишад» парағына дестеленген: «Жазықсыз жұлынған жалғыз тал шөпке дүние дір етеді» қағидасы  рас па?! Мұны кім сезуі мүмкін?! Ақын жүрегі ауарай  бақылағышы секілді дейтін еді  ғой.  Не де  болса себебін  Сұраған  ақыннан сұрастырып  көрелік.

 

                                   Себебі, дейсің бе, себебін сұрасаң

                                   Ол былай:

                                   Қандай бір күштен миымыз қалған

                                   сорғымай.

                                   Жер ҚҰПИЯСЫН саған қақ бөліп

                                   Ашып берер ем,

                                   Қолымды қаққан инеліктердің

                                   қорлығы-ай.

«Қара жерді қаққа бөлу» адам қолынан келетін іс екендігін Архимед әлде қашан айтып тастаған дедік. Дәл осыған пар қиянатқа да адам баласы еш ойланбастан бара алады. Десек те пенденің мұндай парықсыз пиғылына күллі тіршілік атаулының жаны қас. Әнеки жұмыр жердің тыныштығы үшін де инеліктің шыр-пыр  болып отырғаны осы ғой. Қазіргі жаһандану үдерісінің қарқыны қатты. Жер бетін  бұрнағы «біртұтас» ұғымына қарай ұйытып барады (Біз бұл жерде виртуалды әлемдегі біртұтастық жайын айтып отырмыз). Мүмкін енді бір елу жылдың бедерінде бүкіл адамзат баласы «біздің жер үсті» деп сөйлейтін болар. Қалай десек те қара жер тек адамның ғана ақылымен  емес,  инеліктің де игі тілегі үшін  аман-сау  тұрған  тәрізді...

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    Пай пай...Қайран тілім сен сөйле..Көзімнен жас шықты!

    • 1 жыл бұрын

      суға батпайдыны да Жүніс алейхсаламды мысал қылып өтсеңіз толығырақ болар ма еді

      • 1 жыл бұрын

        Иса ны айтасыңба.Иса жазықсыз.Оның қауымы тыңдамады оны.Осы күнге дейін күна жасауда,олар болса шектен шықты ғой,табиғатты жерді ойран қылып,ауа, су көл ді бомбалап жатыр.Сол үшін жауап береді кезі келгенде..

    • 1 жыл бұрын

      Сезім әркім ге беріле бермейді.Кәпірлер жердің ойран жасауда,оны көріп отырсыздар күнде..
      Аллатағала жүрегі не имандылық орнатқан жанға сезім берген,Ислам мусылман баласына табиғатты сезіну,оны қорғау аялау берілген.

      1
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      26/05 04:31 0 170
      2
      Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
      26/05 03:44 0 632
      3
      Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
      26/05 02:19 0 216
      Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
      26/05 01:49 1 208
      Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
      26/05 01:47 0 359

      Таныстырылғандар

      Трамп ерекше табынушысымен кездесті
      Трамп ерекше табынушысымен кездесті
      Трамп ерекше табынушысымен кездесті
      Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 03:58 0 461
      Құдайға сенетін қызыл коммунист
      Құдайға сенетін қызыл коммунист
      Құдайға сенетін қызыл коммунист
      Әлеуметтік желіде президент сайлауының үміткері, коммунист Жамбыл Ахметбекті халық сынға алды
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 11:31 0 467
      Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
      Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
      Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
      Герус Андрей Михайловичті президент өкілі етіп Украина министрлерінің бөлмесінде тағайындалды
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 15:04 0 857
      Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
      Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
      Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)
      "Қостанай Қосановты қолдаса, қазақтың көсегесі көгереді".
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 16:13 0 1592
      Атырауда рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер бойынша туындаған дүрлікпе түсіндірілді
      Атырауда рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер бойынша туындаған дүрлікпе түсіндірілді
      Атырауда рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер бойынша туындаған дүрлікпе түсіндірілді
      Атырауда рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер бойынша туындаған дүрлікпе түсіндірілді
      22/05/2019 17:23 0 385
      Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
      Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
      Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?
      19 мамырда Тараздағы "Бектөбе" иподромында басталған чемпионатта бүгін көкпар ойынынан топтық кезең өз мәресіне жетті
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 18:35 0 440
      Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
      Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
      Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жаңа басшы
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 18:53 0 1014
      Жетістікке жету үшін  өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
      Жетістікке жету үшін өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
      Жетістікке жету үшін өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
      Осы қағидалар ішінен өзіңіздің бойыңызда бар әрекеттерді байқаған болсаңыз, онда осы қағида міндеттеелерін орындап көрсеңіз болады.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 04:44 0 424
      Миыңыздың интеллектісі қандай? IQ , EQ  немесе VQ
      Миыңыздың интеллектісі қандай? IQ , EQ немесе VQ
      Миыңыздың интеллектісі қандай? IQ , EQ немесе VQ
      IQ, EQ және VQ деңгейлері әр адамда бар табиғи қасиеттер болып табылады, алайда сіз оларды дамыту өз қолыңызда екенін ескеріңіз.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 11:07 0 380
      ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
      ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
      ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Алнұр Мұсаев 25 жылға сырттай сотталды
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 16:24 1 8875
      АҚШ билігі Ассанжды 170 жылға түрмеге қамайды
      АҚШ билігі Ассанжды 170 жылға түрмеге қамайды
      АҚШ билігі Ассанжды 170 жылға түрмеге қамайды
      АҚШ билігі WikiLeaks басшысын Джулиан Ассанжды 17 бап бойынша айыптауда
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 11:29 0 346
      Елбасының еліне берген ауызашары. Құрметті қонақтар қатарында кімдер бар? (фото)
      Елбасының еліне берген ауызашары. Құрметті қонақтар қатарында кімдер бар? (фото)
      Елбасының еліне берген ауызашары. Құрметті қонақтар қатарында кімдер бар? (фото)
      Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 01:47 0 19992
      Өзіне үйленген өзгеше әйел
      Өзіне үйленген өзгеше әйел
      Өзіне үйленген өзгеше әйел
      Қалыңдықтың айтуынша, дәл осы жағдайдан кейін тұрмысқа шығамын деп жүрген қыздардың арманы орындалады-мыс
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 13:15 0 1500
      Қарағандыда оқыс оқиға: 11 жасар бала көз жұмды (видео)
      Қарағандыда оқыс оқиға: 11 жасар бала көз жұмды (видео)
      Қарағандыда оқыс оқиға: 11 жасар бала көз жұмды (видео)
      Қарағанды ​​қаласының орталық саябағында жел балаларға арналған батпырауықты ұшырып алып кеткен
      25/05/2019 19:59 0 10325
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      Егер барлығы заң бойынша өтсе, шет елдерге қуылған саясаткерлер қайта оралып, сайлауға түседі
      26/05/2019 04:31 0 170