• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:25:19
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2017 IT

iPhone смартфоны жаңа технологиямен жасалатын болады

Apple компаниясы алда шығарылатын жаңа iPhone смартфондарын «сұйық металдан» жасайды. Ол компания дайындаған құжатта көрсетілген. Бұл туралы

Apple компаниясы алда шығарылатын жаңа iPhone смартфондарын «сұйық металдан» жасайды. Ол компания дайындаған құжатта көрсетілген. Бұл туралы 24.kz VistaNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылымы бойынша шыныны еске салатын корпус титан, цикрон, мыс, никель және өзге де металдардың ерітіндісінен тұрады. Бұл өте берік, төзімді материал дейді мамандар. Олар жасаған ерітіндіге ұсақ сызаттар мен қайта қалпына келу қасиетіне байланысты «сұйық» деген атау берді.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында да Apple «сұйық металл» жайлы бірнеше рет айтқан болатын. Бірақ компания бұл жолғы iPhone сыртының дәл осы металдан жасалатынын нақты құжатта көрсетті. Apple бұл технологияны мерзімсіз қолдану лицензиясын калифорниялық Liquidmetal Technologies фирмасынан алды. Себебі «сұйық металл» технологиясын дәл осы ғылыми-технологиялық институттың бұрынғы инженерлері ойлап тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір