• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:40:52
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2017 Әлеумет

Instagram әлеуметтік желісі интернетсіз істей беретін мүмкіндікке ие болмақ

Instagram әлеуметтік желісі Android операциялық жүйесіне бірнеше қызметті интернетсіз де қолжетімді етті, деп хабарлайды

Instagram әлеуметтік желісі Android операциялық жүйесіне бірнеше қызметті интернетсіз де қолжетімді етті, деп хабарлайды reactor.inform.kz порталы TechCrunch-ке сілтеме жасап.

F8 конференциясында Instagram компаниясының өкілдері алдағы уақытта  Желі қолданушыларының Интернетке қосылмай-ақ пікір жазып, лайк басуына, фотоны сақтауына мүмкіндік туындайтынын мәлімдеді. Бұл функциялардың барлығы да қосымшада сақталып, пайдаланушы Интернетке қосылған кезде іске асатын болады.

Аталған функция әзірше тек Android қолданушыларына ғана қолжетімді болып отыр, алайда таяу арада iOS қолданушылары да бұған қол жеткізетін болады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде 600 млн адам Instagram әлеуметтік желісін қолданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір