• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:30:35
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2017

Instagram: Алашұлының бейнебаяны Ninety one-ға қарсы шығарылған (видео)

Халықтың көбі бейнебаян арқылы Алашұлы жігіттерін бүгінде қоғамды дүрліктірген 91 тобымен «шайқастырып» қойып, екі жақты пікір қалыптасты.

2009 жылы құрылған Алашұлы тобының әндері мен бейнебаяндары бүгінде қазақ даласына кеңінен таралған. «Бізде бәрі қазақша» деп ән шырқап жүрген аталмыш топтың ертең, 18 тамызда «Пай-пай-пай» әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауы кесіледі. Бұл туралы Гәкку арнасының инстаграмдағы парақшасында хабарланды. Алғашқы бірнеше секундтары ғана көрсетілген бейнебаянның үзіндісі желі қолданушылары арасында үлкен даудың тууына себеп болды.

Гәкку арнасының парақшасы жариялаған бейнебаянның үзіндісі 2 күн ішінде 45 мың көрілім және 400-ге жуық пікір жинап үлгерді. Ең қызығы, халықтың көбі бейнебаян арқылы Алашұлы жігіттерін бүгінде қоғамды дүрліктірген Ninety one тобымен «шайқастырып» қойып, екі жақты пікір қалыптасты. Сол пікірлерді Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

«Атағың шықпаса, Ninety one-ды сөз ет...»   

Kmusul:  Пиар керек болса, әйтеуір Ninety one тобының арқасында таныламын деп отыр ғой бұлар. Әндерінің сапасыз екені өтірік пе? Танылса, баяғыда жер жарар еді», деп пікір қалдырды Ninety one тобының фан парақашсы.

Kazhymukan_yerzhanАлашұлы, өз абыройларыңызды төкпеңіздер. К-попты тоқтата алмайсыңдар! 

Baidos_r: Той әншілері өз рейтингтерін көтеру үшін дұрыс емес бағытты таңдады. Өзге әртістерге соқтығыспай-ақ мұны жасауға болар еді. Бірақ шабыттарыңыз сарқылған секілді.

Aisha_95: 91 тобын меңзеп тұрғанын кез келген адам біледі ғой. Басқа ештеңе таба алмадыңдар ма? Қазір бізде елге танылғың келсе, Ninety one тобын жамандай салады. Масқара. Бұл жерде Ninety one тобы жайлы айтылмаған. Шынымен Ninety one тобы туралы болса, ән бәрібір хит болмайды.

Aida-86: Керемет! Әркімді өз орнына қоятын кез келді. Әсіресе, боянып алатын еркектерді...

Sara.46: Асыға күтеміз! К-поптың әндері жаман демеймін, бірақ өз стильдерін өзгертсе одан да жақсы болар еді. Эх, қазақтар-ай, қайда еліктеп бара жатсыңдар? Қайта біз басқа елге жұртқа еліктемей өзіміз басқаларға үлгі болуымыз керек. Ар-намысты ерлеріміз қайда екен?» деді _zhalgasbaeva есімді желі қолданушысы.

 Moldir.makmudaeva: Қазақтың нағыз өнеріне қызықпасаңыздар, халықты дүрліктірген жас к-поперлер үшін тірелудің қажеті жоқ. Өз басым Алашұлы тобының әндерін топ құрылғалы тыңдаймын. Көбі Ninety one тобына берілгені соншалық, қазақтың нағыз өнерін танымай жатыр. Егер өнердегі модернизацияны таңдасаңыздар, оған қарсы күш міндетті түрде шығатынын естеріңізден шығармаңыздар. Нағыз өнер иелері ешкімге ештеңені дәлелдемейді. Олар үшін қоғамның мойындағаны маңызды емес, бәрі шын жүректен шығып жатқан әрекеттер.

Aknur_toishybai: Жарайсыздар, Алашұлы тобы! Өзекті тақырыпты қолдап отыр екенсіздер. Қазақы болып, оюлы киім кимесе де, жүрегі қазақ болып тұрса, оның өзі бір ғанибет!

Akhanovaerkezhan: Алашұлы тобы нағыз серілердің жалғасы. Оларға қарасаң, міне қазақ деген ұлы халықтың ұрпақтары, жігіттері деп айтуға болады. Туындыларыңыз өте керемет. Кім не десе де, Ninety one тобын көргенде, ауру адамды көргендей боласың. Алаш ұлдарына ешкім жетпейді!

youmylovee: Бәрі әр адамның ойында не барынан, қалай ой ойлайтынынан басталады. Бірден жаман ойлаудың еш қажеті жоқ. Ол жай клиптің сюжеті солай, әннің мүлде шайқас, айқасқа қатысы жоқ. (егер тыңдап, татып көрген болсаңыздар әрине) Және кімнің қалай жұмыс жасап жатқанын көзбен көрмей тұрып, бірден сөз сөйлеу дұрыс емес деп ойлаймын. Менің біреуді мақтап, біреуді даттайын деген ойым жоқ. Бірақ дұрыс емес жерлерін айтайын деген едім. Алашұлын сіздер, жастар танымаған шығарсыздар, бірақ оларды жұрттың көпшілігі таниды, хит әндері жетерлік, өз тыңдармандары да мол. Олардың ешкімге қарсы шығайын деген ойы жоқ. Және олардың әндерінің сапасыз екенін қайдан білесіз? Сіз олардың әндерінің жазылуына қатысып көріппедіңіз? Ninety one тобына ән жазатын адам, бұл кісілерге де жазады, (естіген, білгендеріңіз болса). Және Гәкку арнасы не үшін жіберді дейтіндей, сіздер Гәккудің басшылығы емессіздер. Білетін болсаңыздар, кейбір тыңдарманы жетерлік әншілердің бейнебаяндары өтпей қалған. Гәкку сапаға қарайтынына рахмет. Иә, менде Ninety one-ды тыңдаймын. Тек айтарым білмейтін нәрселерге отырып алып сын айтудың қажеті жоқ. Сіздер ондай сөздеріңізбен тек қана бір үлкен топтың еңбегін жоққа шығарып қоясыздар. Және егер Алаш ұлын танымайтын болсаңыздар, тіпті олар туралы бірдеңе деп өтірік нәрсе айта салуға өте ерте.

Instagram қолданушыларының пікірін ескере отырып, Qamshy.kz оқырмандарының назарына мынадай сауалнама ұсынуды жөн көрдік.

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір