• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:21:14
Алматы
+35°

08 Қараша, 2018 NEWS

«I'm a Singer Kazakhstan»: опера vs эстрада

Бұл даудың нүктесін Әділге 72 ұпай берген көрермен қойды

«I'm a Singer Kazakhstan» таланттар шоуындағы дуэттерге кейде адам таңғалады. Тіпті жұптарға қарап отырып, бұл екеуі қалай бірге ән салып жүр өзі деген ойға қаласыз. Алайда, байқаудың ерекшелігі де осы – қалай болғанда жеңімпаз атану. Өйткені «өткір қанжар қап түбінде жатпайтыны», қашан болсын әйтеуір қапты жарып шығатыны бесенеден белгілі. Оған қоса жанды оркестрдің сүйемелдеуінде ән шырқау да әншілерге оңайға соқпасы белгілі. Оркестрге қосылу нағыз талантты қажет етеді.

31 арна

«I'm a Singer Kazakhstan» бүкілхалықтық шоуында нағыз сынақ енді басталды. Себебі қазылар ең мықты деген орындаушыларды іріктеп алды. Олар енді жеке дара емес, дуэт айтып жарысады. Жұптасып ән шырқау жалғыз шырқаудан әлдеқайда қиын. Жаңа кезеңде көрермен екі әншінің біреуіне ғана дауыс бере алатын болса, қазылар екеуінің қайсысы әнді мықты орындаса, соны шоуда қалдырады. Дауысты көбірек жинаған орындаушы шоуда қалса, аз жинаған әнші шомен қоштасады.

«I'm a Singer Kazakhstan» таланаттар шоуына көрік беретін қатысушылар ғана емес. Олай дейтініміз, мұнда кездейсоқтық, тігісін жатқызатын оқиғалар, текетірестер, сонымен қатар қатысушылардың өздері күтпеген тапсырмалар жиі орын алып тұрады. Мәселен, опера әншісі Әділ Ахметжанов пен эстрада әншісі Еркебұлан Амантайдың дуэтінде, бір қарағанда, үлкен айымаршылық бар. Олардың стилі, әнді орындау шеберлігі, тіпті дауыстары да бір-біріне ұқсамайды. Әділдің өзі мойындағандай: «Негізінде, менің даусым Еркебұланның даусын «өшіріп» тастай алады. Ол рас». Алайда, Әділдің айтуынша, қазіргі жастарға, көрерменнің көңіліне, әрісесе қыздар жағына Еркебұланның ән орындау мәнері мен лирикалық әндері көбірек ұнайды екен.

31 арна

Қарсыласының қуатты тембрін Еркебұланның өзі де мойындады. Бұл дуэтке арнап таңдалған әнді орындау кезінде Еркебұланға күрделі ноталарды алу қиынға соғыпты. Сонымен, қазылар екеуінің қайсысын таңдайды: Әділдің опералық даусын ба, Еркебұланның лиризмін бе?

«Әлбетте, ол менен мықтымын деп ойлайтын шығар. Алайда әнді біреуі жоғары дауыспен, біреу төменгі дауыспен шырқаса, әдемі ән шықпайды», - деді Еркебұлан. «Мен оның жеңілгенін қаламаймын. Қажет болса, ол жеңіске жетсін», - деді кенеттен Әділ. Бұл жолы қазылардың өзі екі таланттың қайсысын таңдарға білмей, қатты қобалжыды. Тіпті Сәкен Майғазиев шешім қабылдау үшін тайм-аут сұрады. Ал сыншы Эльхан Ахмедов екі жігітке де жақсы деген баға берді. Әншілердің шеберлігіне баға беру кезінде Мақпал Жүнісова: «Мен қазіргі жастарға қарап қуанамын. Сендердің арқаларыңда осындай халықаралық сахнада біздің композиторлардың әндері шырқалуда. Әркім өзм деңгейінде орындап шықты. Дегенмен, маған Еркебұланның орындау нақышы көбірек ұнады», - деп ойын білдірді.

31 арна

«Әділ ән салған кезде Еркебұланның даусы мүлде шықпай қалды», - деді Мақпал Исабекова. – Әділ ән шырқап тұрып, «менің даусым мықтырақ» дейтіндей көрінді маған. Оны түсіндік. Сіздің осы турға жеткеніңіздің өзі - даусыңыздың арқасы. Бойыңызда талант барына көзіміз жетті. Ал Еркебұлан, сізге сахналық еркіндік жетіспейді. Мейлі, ол консерваторияны бітірсін, мейлі сіз сәулетші бола беріңіз. Алайда сахнаға шыққан екенсіз, демек сіз әртіссіз. Ал әртіс сахнада өзін еркін ұстауы керек. Қысылып-қымтырылсаңыз, көрермен сізді түтіп жейді.

Бұл даудың нүктесін Әділге 72 ұпай берген көрермен қойды. Қазылардың да ортақ таңдауы Әділге түскен болатын. Сәйкен айтқандай, келесі турда ол өзін жан-жақты қырынан көрсетеді деп үміттенеміз. Әншіге сенім артылды, оның міндеті – енді соны ақтап шығу

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір