• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:52:33
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Экономика

Halyk Bank атынан берілетін "7-20-25": Жалдамалы пәтерден де арзан төлейсіз

Жылдың соңына дейін банк қаржы сомасы 3,3 миллиард теңге көлемінде 200-250 қарыз беруді жоспарлап отыр.

Жарты жыл бұрын Қазақстанда «7-20-25» атты жаңа бағдарлама іске қосылды.  Бағдарламаға сәйкес, тұрғындар тиімді жолмен жеке пәтерге қол жеткізе алады. Қыркүйектен бастап бағдарламаға Halyk Bank атсалыса бастады, өте жақын уақытта бақытты жандар пәтерлерінің кілтін қолына алмақ.

Halyk Bank бөлшек бизнес департаментінің директоры Динара Аманбаеваның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін банк қаржы сомасы 3,3 миллиард теңге көлемінде 200-250 қарыз беруді жоспарлап отыр. Әрі Динара ханым «7-20-25» бағдарламасы арқылы Halyk Bank-тен үй алу аса тиімді екенін ескерді.

Потенциалдық қарыз алушыға қойылатын талаптар да қатал емес: Қазақстанның азаматы болуы тиіс, ресми табысы – 120 мыңнан 200 мыңға дейін, жеке пәтері болмауы шарт, жасы кем дегенде 21-де және 60-тан аспаған.

Өтінішті қарарда несие тарихы да есепке алынады: несиені уақытылы төлеуі, қазіргі уақытта төлеп жатқан несие – бәрі қаралады.

«Егер клиенттің табысы жетпей қалса, ипотекалық қарызды рәсімдеу үшін отбасы мүшелерінің бірі қосалқы қарыз алушы ретінде қатыса алады.  Қарыз алушыға қойылатын талап та әдеттегідей – несие тарихының жақсы болуы, қарыздарын жылдам әрі уақытылы жауып отыруы. Әрі қосалқы қарыз алушының да жеке басында пәтері болмауы тиіс», - деді Halyk Bank бөлшек бизнес департаментінің директоры Динара Аманбаева.

Бағдарлама арқылы алуға болатын пәтерге де мынадай талаптар қойылады: оның алғашқы яғни жаңа болуы, құрылыс компаниясына тиесілі болуы және пайдалануға берілетін пәтер болуы керек. Бұған қоса пәтердің құны 25 миллион теңгеден жоғары болуы шарт.

Сонымен қатар, банк өкілдері қарыз бойынша ай сайынғы төлейтін қаржы сомасын 10-12 миллион теңгеге есептеді. Ол 71-85 мың теңгені құрады, Алматыда екі бөлмелі пәтерге жалдап төлейтін сомадан төмен екенін айтады. Осылайша, жеке пәтерге ие болған жас отбасылар мен орташа жалақы алатын азаматтар жалдамалы пәтерге беретін ақшадан аз соманы төлейтін болады. Сондай-ақ қарыз алушы Halyk Bank-ке де қызмет үшін артқы ақша төлемейді.

«Өзгеге төлегенше, өзіңе төлегенің мың есе артық. Әрі «7-20-25» бағдарламасы әлдеқайда тиімді», - деді Динара Аманбаева. Банкирдің сөзінше, несиеге арыз берушілердің өтініші жылдам қаралады, ал бағдарламаның шарттары жайлы Halyk Bank- тың республикадағы 634 бөлімшесінен сұрап білуге болады. Небәрі азғантай құжаттарды жинап, қарызды рәсімдеуге ғана уақытыңыз кетеді. Алайда пәтер аларда тұрғын үй бағдарламасының тиімді шарттарын таңдарда сұрақтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда Halyk Bank өзімен жұмыс істейтін серіктер құрылыс компанияларын ұсына алады. Мәселен, Алматы қаласында «Өркендеу», «Хан-Тәңірі» секілді тұрғын үй кешендері бар.

Мемлекеттік бағдарламаға қосымша ретінде, банк Halyk Bank жалақы жобасының қатысушылары үшін жеңілдіктер жасауды жалғастырады. Мәселен, Halyk Sale бағдарламасы арқылы қарыз алушы банк балансына тиесілі несие мөлшерлемесі жылдық 8 пайыздан басталатын мүлікті ала алады, . Банк балансында «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын бірінші деңгейдегі пәтерлер де бар.

Бағдарлама іске қосылғалы банк алғашқы 20 өтінішті қарады, қарыз алушылар несиенің мақұлдануын күтіп отыр. «Армандары орындалып, жеке пәтеріне кіретін уақытқа да аз қалды», - деді Аманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасына қатысатын серіктес банктерді атап шыққан. Олар: Банк Центркредит, Еуразия банкі, АТФ банк, RBK банкі, Цесна банк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Халық банкі. Ал жыл соңына дейін Сбербанк пен Forte bank қосылуы мүмкін.

Бағдарлама бойынша жылына 7 пайыз үстемемен 25 жылға беріледі. Алғашқы жарна – 20пайыз.

Жаңа ипотекалық қарызды Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ала алады. Тек басында жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 миллион теңгеге, қалған өңірлерде 15 миллион теңгеден баспана сатып алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір