• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:05:07
Алматы
+35°

28 Маусым, 2017 Әлеумет

Гитлер тірі... 128 жастағы неміс эмигранты өзін «Адольф Гитлермін!» деп жар салды

Испан тілді «El Patriota» газеті жақында ғана ерекше адамға арналған адам сенгісіз ақпарат жариялады. Адольф Гитлер тірі екен.

Испан тілді «El Patriota» газеті жақында ғана ерекше адамға арналған адам сенгісіз ақпарат жариялады. Адольф Гитлер тірі екен.

Иә, иә... Аргентинаның 128 жастағы тұрғыны, неміс эмигранты өзін нағыз Адольф Гитлермін деп әлемге жар салды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Өзін бұрынғы неміс диктаторымын деп сендіргісі келетін ер адамның есімі Герман Гутенберг. Ол соңғы 70 жылда мойнына артылған қылмыстарға қатысты өзге есіммен жасырынып келгенін айтады. Екінші дүнижүзілік соғыс кезіндегі әскери қылымскерлерді іздеу доғарылған соң қария өзінің шын мәнісінде кім екенін мойындамақ болған.

Оның үстіне, ер адам өзіне тағылған айыптарды мойындамайтын көрінеді. Соғыста жеңіске жеткенде, жағдай мүлдем басқаша болатындығын айтты. Сондай-ақ, нағыз Адольф Гитлердің, яғни «өзінің» елге беймәлім ақпараттарын жинастырып, автобиография жазуды ниет етіп отыр екен.

Алайда жасы келген адам деменцияға шылдаққандықтан адамдар оған сенуден аулақ. Тіпті 55 жыл отасқан әйелі Ангела Мартинездің өзі сенбейді екен.

Әйелінің айтуынша, күйеуінің әскери қылмыстарға қатысы бар, алайда Адольф Гитлер емес екеніне ол нық сенімді. Оның үстіне, Герман Гутенберг Альцгеймер ауруына шалдыққанын, бұл уақытқа дейін аузынан Адольф Гитлермін деген сөзді мүлдем естімегенін айтты.

Айта кетейік, ел арасында Гитлер жайында тараған аңыз көп. Бәзбіреулер Гитлер соғыс бітер сәтте ұшақпен Антарктидаға қашып кеткен деседі. Фюрер сонда Ева Браун екеуі  20 жыл бақытты ғұмыр кешіпті-мыс. Жо-жоқ, Гитлер 1945 жылдың мамырында сүңгуір қайықпен Аргентинаға кеткен. Сонда ол аргентиналық нацистермен бірге өмір сүріп, 1964 жылы қайтыс болған. Анық-қанығы белгісіз осындай мәліметтер екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеушілердің  басын қатыра бастады. Себебі Гитлер 1945 жылы өзін-өзі өлтірді дегенге күмән келтіретін бірқатар фактілер бар, ал  тірі деуге  дәлел жоқ.  Бірақ, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны тағы бар.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір