• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:38:23
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2017 Әлеумет

Гинекологтың кесірінен қыздық пердесінен айырылған ресейлік қыз сотқа жүгінді

Ресейдің Новосибирск қаласында жаға ұстатарлық жағдай орын алды деп хабарлайды

Ресейдің Новосибирск қаласында жаға ұстатарлық жағдай орын алды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі. «Рерберг және оның серіктестері» деп аталатын заңгерлік фирманың өкілі Татьяна Попова РИА «Новостиге» осындай сұхбат берді. Мән-жайға кезек беретін болсақ, 29 жасар тұрғын гинекологқа қаралуға барған кезінде қыздық пердесіне зақым келген. Бұл жерде дәрігерге қаралмас бұрын оған қыз екендігін ескерткенін ерекше атап өткен жөн. Попованың айтуы бойынша, сот бір жылға созылған. Нәтижесінде дәрігердің кінәсі дәлелденді. Дәрігер моральдық зиян келтіргені үшін пациентіне 45 000 рубль төлейтін болды. Ең қызығы, мұндай жағдай Ресейде денсаулыққа зиян келтіру санатына жатқызылмайды екен.

Қаңтар айының ортасында Сахалиннің сотында пациентінің сау дене мүшесін алып тастаған дәрігердің ісі қаралды. Сараптаманың нәтижесінде әйелдің оң жақ бүйрегі сау бола тұра дәрігер ота жасаймыз деп шешім қабылдағаны анықталды. Соттың шешімі бойынша зиян шеккен тарапқа 1,3 млн. рубль төленетін болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір