• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:34:30
Алматы
+35°

Грузияның бұрынғы президенті Польшада деген БАҚ-та таралған ақпаратқа сәйкес, Грузияның бас прокуратурасы Интерпол арқылы Польшаға сауал жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап. Грузияның бас прокуратурасы Польшадан сұранымды қабылдағанын растады. Қазір заңға сәйкес қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Саакашвили Польшаға 4 тамызда келді. Ол дүйсенбі күні Польшадан кететінін айтқан.

26 шілдеде Украинаның миграциялық қызметі президент Петр Порошенко Саакашвилиді украиндық азаматтықтан айырғанын хабарлаған. Оның себебін азаматтықты алу кезінде жалған ақпарат бергенімен түсіндірген. Саакашвилидің өзі АҚШ-та екенін айтқан.

2013 жылдың қараша айында жаңа президент өз қызметіне кіріскеннен кейін Саакашвили Грузиядан кеткен. Грузияның бас прокуратурасы Саакашвилиге бірнеше қылмыстық іс бойынша сырттай айып тақты. 2015 жылы Порошенко экс-президентке украиндық азаматтықты беріп, Одесса республикасының мемлекеттік әкімшілігінің басшысы етіп сайлады. 2016 жылдың қараша айында Саакашвили отставкаға кетті.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір