• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:09:40
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Аймақтар

Google компаниясы онлайн сауданы тиімді жарнамалаудың сырымен бөлісті

Google компаниясының өкілі Евгений Ганчитс шараға қатысушыларға гугл іздеу жүйесінің қыр-сырымен таныстырып өтті

Елорда да «Қазпошта» АҚ ұйымдастыруымен Google компаниясының өкілдері ІТ-компанияларының басшылары мен мамандары, маркетологтар, бизнесмендер, отандық интернет-дүкен иелері үшін meet up өткізді.

Шараға Kazpost IT-бөлімінің атқарушы директоры Бахтияр Мұхаметқалиев қатысып, электронды дамытуға атсалысатын барлық ұсыныстар мен идеяларды Қазпошта әрқашан қолдайтынын айтты.

Google компаниясының мамандары қатысушыларға интернет-технологиялардың маңыздылығын, атап айтқанда электронды сауда да қандай маңызы бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ, жобалармен тиімді жұмыс істеуі және қызметкерлердің жеке өсуі үшін Google құралдарын дұрыс пайдалану жайында қызықты да маңызды мәліметтерімен бөлісті.

Google компаниясының өкілі Евгений Ганчитс шараға қатысушыларға гугл іздеу жүйесінің қыр-сырымен таныстырып өтті.

«Google – бұл процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін және қазіргі кезде қажет нәрсені тез арада табуға жағдай жасап отырған, өте ақылды іздеу жүйесі», – деп өз сөзін бастады компания өкілі Евгений.

Іздеу жүйесінің кәсіпкерге көмегі аз ғана. Одан әрі оған интернет технологиялар көмек бере алады, және де ол электронды сауда да өте қажет дүние. Евгений Ганчитс бұл жайында өз тәжірибесіндегі сәтті жарнама арқылы интернеттегі қалың жұртшылықтың назарын қалай аудару керектігін айтты.

Ал, digital-маркетингте жеті жыл тәжірибесі бар Роман Леонов Қазақстанда, Әзірбайжанда және Қырғызстанда купондық сервисті дамытумен айналысқан. Бірнеше жылдан кейін өзінің Peklo агенттігін ашқан.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде жеке сайтын қалай құру керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін айтып, барлық маркетологтарға міндетті түрде Google Analytics қолдануға кеңес берді.

Meet up-ты digital-агенттікті дамытумен айналысатын Асия Мамбеталиева  қорытындылап өтті. Асия өз кезегінде Google тиесілі YouTube қызметі жөнінде айтып берді. Басты назарды жарнамалық бейнероликтерге қоюға бағдар берді. 

Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемде YouTube-ті көру бойынша алғашқы позициялардың бірін алады, сондықтан бұл жарнама үшін тамаша құрал. Әрбір секунд сайын 1,5 миллиард көрермен үшін 400 сағаттан астам контент жүктеледі.

«Орташа есеппен алғанда көрермен смартфоннан бейне көру үшін күніне бір сағаттан астам уақыт өткізеді. Бүгінде біз сапалы контентті қалаймыз – бұл өз кезегінде жарнама берушілерді шақыру. YouTube-та бейне жарнамалардың көп түрлері бар. Бірақ ең жаңалары төменгі жағында көрініп тұрады», – деді Әсия Мәмбеталиева.

Айта кетелік, қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынғанын да компания өкілдері еске салып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір