12 Наурыз, 2018 Спорт
Головкиннің жаттықтырушысы : «Канело» — намыссыз жігіт
Геннадий барлығы тағатсыздана күтіп жүрген жекпе-жекке жақсы дайындалып жатыр
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Мексикандық Сауль Альварестің допинг дауына қатысты сұхбат берді. Бұл жайында Sports.kz жазады.
— Геннадий барлығы тағатсыздана күтіп жүрген жекпе-жекке жақсы дайындалып жатыр. «Канелоның» допинг дауына қатысы бар екенін білсек те, уағдаласқан уақытқа қалыпты режимде дайындалып жатырмыз. Комиссия қалай тексеретінін уақытында көре жатамыз. Кленбутерол – демалуға, бұлшық еттердің өсуіне көмектеседі. Көреміз. Негізі «Канело» — намыссыз және мінезсіз еркетотай жігіт, - деді Санчес.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір