• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:51:03
Алматы
+35°

11 Қараша, 2018 Спорт

Головкиннің промоутері "Головкин-Канело" реваншының қашан өтетінін айтты

Том Леффер әзірге  жекпе-жекті тікелей эфирде тарататын телекомпаниямен келісімге келмегенін айтты.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің 2019 жылдың желтоқсан айында ғана өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  fightnews.info порталының дерегін негізге алып хабарлайды.

Том Леффер әзірге  жекпе-жекті тікелей эфирде тарататын телекомпаниямен келісімге келмегенін айтты. 

"Ең тиімді ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Бірінші келісімшартқа қол қойып алайық, содан кейін ғана жекпе-жекке қарсылас іздейміз. Меніңше, Головкиннің келесі кездесуі келер жылдың көктемінде өтеді. Алайда, Golden Boy промоутерлік компаниясымен жүргізіп жатқан келіссөздер бұл кездесуге қатысты емес. Олар Головкин-Альварес жекпе-жегін келер жылдың соңында өткізуді ұйғарып отыр, мамыр айында "Канело" өзге боксшымен жұдырықтаспақшы. Сондықтан, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті қыркүйек немесе желтоқсан айларында көруіміз мүмкін", - деді Леффлер.

Еске салайық, қос боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын. Ал, екінші кездесудегі жеңіс тағы сол төрешілердің шешімімен Альвареске берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір