• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:03:50
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) пен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) пен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.

Express News.com сайтының мәліметінше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

GGG-дің ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың сөзінше, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылуда, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорке және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.

"Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады", - дейді Бедфорд. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір