• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:51:11
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 Оқиғалар

Головкин: "Сөз сөйлеу үшін емес, Денистің ата-анасын қолдау үшін келдім"

Геннадий Денис Теннің қазасын ести сала алғашқы рейспен Лос-Анджелестен Алматыға ұшып кетті.

Халық арасында Дениспен қоштасуға келген Головкин жұрттың бәрі сөз сөйлеуге асыққанда неге естелік сөз айтпады деген сұрақ туындауда. Осының жауабын vesti.kz тілшілері біліпті.

"Геннадий Денис Теннің қазасын ести сала алғашқы рейспен Лос-Анджелестен Алматыға ұшып кетті. Ол сенбі таңғысын ұшақтан түсіп, Дениспен қоштасып, ата-анасын қолдау үшін сол үйге барды. Осы уақыт бойы солардың қасында болды, басқа ешкіммен тілдескен жоқ. Көпшілік қоштасу кезінде неге сөз алмады деп сұраған болатын. Ол көпшілік алдында сөз сөйлеуге емес, Денистің ата-анасын қолдауға келген. Осындай маңызды жекпе-жек алдында жаттығуын да сол үшін ғана үзді. Ол Денисті адам ретінде және спортшы ретінде де қатты сыйлайтын. Бұл расымен барлығымыз үшін ауыр қаза", - дейді Головкиннің өкілі Жанар Өтешова. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір