• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:10:06
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегі қорытынды есеп: 13-12"

Танымал The Ring журналы журналистер мен беделді сарапшылар арасында сауалнама жүргізіп, Головкин мен Альварес жекпе-жегінде кім жеңетінін болжап көрді

Танымал The Ring журналы журналистер мен беделді сарапшылар арасында сауалнама жүргізіп, Головкин мен Альварес жекпе-жегінде кім жеңетінін болжап көрді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым тілшілері мынадай болжам айтқан:

- Том Грэй: Головкин жеңеді (UD);
- Мартин Малкай: Головкин жеңеді (UD);
- Энсон Вайнрайт: "Канело" 10-раундта техникалық нокаутпен жеңеді;
- Франциско Салазар: Головкин жеңеді;
- Норм Фрауэнхайм: Головкин жеңеді (UD);
- Гарет Э. Дэвис: "Канело" төрешілер шешімімен жеңеді (SD);
- Рон Борхес: "Канело" жеңеді;
- Дуглас Фишер: Головкин жеңеді (MD);
- Майкл Вудс: Головкин көп төрешінің шешімімен жеңеді (MD);
- Ли Гроувз: Головкин барлық төрешінің шешімімен жеңеді (UD).

Ал бокс саласының мамандары былай болжаған:

Тони Лопес (екі категория бойынша бұрынғы чемпион): "Канело" жеңеді UD;
- Виктор Силва (ТВ-сарапшы): "Канело" жеңеді UD;
- Рауль Перес (екі категория бойынша бұрынғы әлем чемпионы): "Канело" жеңеді;
- Джон Скалли (тренер): Головкин жеңеді;
- Брэд Гудман (матчмейкер): Головкин жеңеді;
- Тони Толж (менеджер): "Канело" жеңеді UD;
- Родни Берман (промоутер): "Канело" жеңеді;
- Жолин Миззоне (матчмейкер): "Канело" жеңеді UD;
- Джон Бенинати (матчмейкер): Головкин жеңеді;
- Рон Катц (матчмейкер): "Канело" жеңеді;
- Стив Фархуд (ТВ-сарапшы): "Канело" жеңеді;
- Серхио Мора (бұрынғы әлем чемпионы/ТВ-сарапшы): Головкин жеңеді (SD);
- Камерон Данкин (промоутер): Головкин жеңеді;
- Кэти Дува (промоутер): "Канело" жеңеді (UD);
- Дюк Маккензи (үш категория бойынша бұрынғы әлем чемпионы/ТВ-сарапшы): Головкин жеңеді. Қорытынды есеп: 13-12 Головкиннің пайдасына шешілді. 

Қазақстанда Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Qazsport пен Qazaqstan арналарынан 06:00-ден бастап көрсетіледі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір