• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:33:49
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 Спорт

Головкин чемпиондық белбеу үшін кіммен жұдырықтасады?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері (38-1-1, 34 КО) Абель Санчес орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін екі жекпе...

Абель Санчес қазақстандық боксшы WBA "тұрақты" чемпионы және WBO чемпионы белбеулері үшін жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Геннадий Головкиннің бапкері (38-1-1, 34 КО) Абель Санчес орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін екі жекпе-жекке түсініктеме берді.

Әңгіме WBA "тұрақты" чемпионы Риота Муратамен (14-1, 11 КО) өткізілуі мүмкін жекпе-жек пен Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг-тестен сүрінуіне байланысты белбеуінен айырылып қалған жағдайда, бос қалған WBO титулы үшін ұйымдастырылатын айқас жайлы болып отыр. 

"Мурата дейсіз бе? Онымен кездесуіміз мүмкін. Бұған дейін оның промоутері Акихико Хонданың өзі бұл мәселені көтерген еді. Ол бұл жекпе-жек ұнайтынын айтты. Сондықтан бәрі де мүмкін. Сонымен қатар допинг-тестен сүрінген Сондерстің белбеуіне де көз тігіп отырмыз – егер оның белбеуін қайтарып алса, біз бос қалған титул үшін жұдырықтасатын шығармыз, кім білсін", — деді Санчес. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман сондай-ақ Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, Головкиннің реванш өткізу жайлы ұсынысы ескерусіз қалмауы керек.

"Канело" белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетінін жеткізді", — деп атап өтті Сулейман.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір