• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:26:30
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2018 Спорт

Головкин бір белбеуін қайтара алады

Головкин IBO титулын 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық Лахуан Саймонмен өткен жекпе-жекте жеңіп алған.

Мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен титулды жекпе-жекте жеңіске жеткеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін ала алмайды. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Ливайн мәлімдеді.

«Альварес шынымен де IBO тұжырымының белбеуін алмайды. Біз онымен келісімге келе алмадық. Бос белбеу екі үміткердің арасында бәске тігіледі. Оның ішінде бұл дивизиондағы рейтингте бірінші орынды иеленетін Головкин де болуы мүмкін», — деді Ливайн.

Головкин IBO титулын 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық Лахуан Саймонмен өткен жекпе-жекте жеңіп алған. Ол кезде Головкин қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген еді.

Айта кетейік, 28 жастағы мексикалық «Канело» Альварес 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді жеңді. GGG кәсіпқой бокста өмірінде алғаш рет жеңілді. Осылайша Головкиннің титулдарының бәрін «Канело» алды. Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал  Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір