• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:41:07
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2018 Спорт

Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін

Бұл туралы Том Леффлер Fino Boxing порталына берген сұхбатында айтты.

Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бұл туралы Том Леффлер Fino Boxing порталына берген сұхбатында айтты.

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасу үшін басқа салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, Головкин мексикалық Хильберто Рамиреспен (38-0, 25 КО) жұдырықтасу үшін супер орта салмақ (76,2 келіге дейін) дәрежесіне ауысуы мүмкін.

"Егер ол дұрыс жекпе-жек болса, Геннадий сол салмаққа көтеріледі. Хильберто Рамирес - чемпион, менің ойымша. Бұған оның Рокки Филдингтен мықтылығы дәлел бола алады. Бұл кездесу GGG үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Боб Арум екеуміз бұл жекпе-жек туралы біраз уақыттан бері айтып келеміз.

Ұсынылып жатқан жекпе-жектер көп. Роб Брэнт Муратуды жеңді. Онымен де кездесу қызық болар еді. Ұсыныстардың көп болғаны тамаша, Геннадийдің атағы зор. Қазір барлығы онымен жекпе-жек өткізуге дайын секілді", - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір