• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:16:12
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Денсаулық

ГМО: тұқым қуалайтын аурудың қоздырғышы екенін білесіз бе?

Ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 2000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен.

Қазір ас-ауқатқа қатысты көптеген жайттарды сауатты меңгерген елдер "харам ас адамның мінез-құлқын бұзатынын" айтып барынша дабыл қағуда. Отандық ғалымдарымыз да бұл бізге үлкен ескерту екенін құлаққағыс жасап отыр.

Мәселен, бұл ретте, биолог-ғалым, Нұрбала Ескелдина:

"Біз қазір көбінесе синтездеуден өткен, химиялық қоспалары көп тағамдармен ауқаттануға әуеспіз. Білесіздер, қазір біраз қауым рухани тазалықтан ада болып барады. Әйелдер арасында жасанды түсік жасату, адамдардың бір-біріне озбырлық жасауы, алауыздық көбейіп кетті. Міне, осының дені адамдардың харам аспен тамақтануына тікелей қатысты. Харам тамақты жеген адамның бойында қорқыныш болмайды. Харам тамақтың құрамындағы нәрсе адам ағзасына қоса сіңеді де, адамның мінез-құлқы бұзылады. Бұған қоса қазірде халал өнім деп саудаға шығарылған өнімдер мен тұтыну заттарының өзі сапасын тексеру барысынды жалған болып шығады. Сондықтан алдымен сапа стандартын қадағалауға, бақылауға мән берген жөн", - деді.

Ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 2000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Қазіргі таңда бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. 

Естеріңізде болсын, ең көп будандастырылғандар – қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп. Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар. Сондай-ақ құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді. Қандасының етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп те қоюға бар. Бұл үрдіс қазір тауық фермаларында үйреншікті жағдай. Бұған қатысты отандық ғалымдардың біразы "малға тірі ағзаның гені будандастырылып дайындалған азықты беруге болмайды. Соңғы жылдары пайда болған мал ауруының көбеюіне себеп осыдан" деп отыр.

Бұл ретте цитогенетик ғалым Бақытжан Молдабаев: "Жалпы, будан өнімдерге қатысты қазірде бірқатар елдер заң талабын күшейтіп, барынша мұндай өнімдерден тазаруға тырысып-ақ жатыр. Сондай-ақ мұндай таза жолмен алынған өнімнің құны да анағұрлым жоғары. Мысалы, АҚШ-та ешқандай вегетарианша және гармон егілмеген сиырдың бүйрегі ғана 100-150 АҚШ долларына бағаланады; бұзау етінің 1 келісі 180 АҚШ доллары тұрса, Австралияда 100 пайыз будансыз көкөністердің құны 50-70 АҚШ доллары аралығында. Сапасына қарай бағасы екенін ескерген елдерде осылайша будансыз, таза табиғи жолмен өндірілген өнім құны да аспандап тұр", - дейді.  

Мамандардың байыптауынша, гендік модификацияланған өнімдер өндіріле бастағаннан бері әлемдік тұрғыда түрлі ауру-сырқаулар көбейе бастаған. Мысалы, ТМД көлемінде созылмалы сырқатқа шалдыққандар 4 жылда 7 пайыздан 15 пайызға дейін өскен. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінен болатын аллергиялар да күрт өскен. Осыған байланысты мамандар "гендік модификацияланған өнімнің "жемісі" бір күннің ішінде білінбейді. Адамзаттың бойында түрлі аурулар арқылы көрініп, ұзақ жылдар бойы сақтала келе ұлтымыздың генін өзгеріске ұшыратады. Және табиғи өнімдерге қарағанда, бұлардың бағасы арзанырақ болғандықтан халық жаппай сатып алады. Осылайша ол тез таралады. Сондықтан біз тез арада оған тыйым салу керекпіз" деседі.

"Әлемдегі тамақ тапшылығын шешу үшін басын тасқа да, тауға да ұрған ғалымдар жоқтан бар жасап, трансген, гендік модификацияға ұшыраған тағамдар түрін ойлап тапты. Тіпті бүгінде балалар тағамдарының басым бөлігі трансген өнімдер. Ол мұның арты күні ертең ұрпақ денсаулығына кері ықпал етпесіне кім кепіл. Бұл бір ғана тамақ өндірісіне қатысты. Ал гендік инженерияның қаншама саласы бар. Осыған орай айтарым, гендік инженерия қызметін жетілдіруге қатысты арнайы заң қабылдануы қажет. Осы заң арқылы аталмыш қызмет түрін бақылау-қадағалау ісін мемлекет ұйымдастыра білгені жөн. Жалпы ГМО тұқым қуалайтын ауруларды қоздыратын, бактериялардың ағзада  тез таралуына септігін тигізетін дүние. Біздің  баларымызда қазір денсаулық жоқ. Сәл нәрсеге ауырып қалады дейміз. Мұның барлығы сол трансген, ГМО-қосылған өнімдерді көп тұтынғандықтан. Сондықтан бізге осы  мәселені басы ашық күйінде қалдырмау үшін арнайы заң қабылдап, қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет", - деп отыр ғалым, Нұрбала Ескелдина.

Қарлығаш Зарыққанқызы  

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір