17Желтоқсан

Ғылым және ертегі

Ғылым және ертегі
Ⓒbegemot.media

Өткен жолы «Ұлықбек трагедиясын» айтқанымыз есіңізде болар.

♦«Ұлықбектің трагедиясы» немесе «Американың ең үлкен ұрлығы»

Еуропа ғылымға құлаш ұрып, дүниенің ғажайыбын, Жаратушының сыйына көздері тоймай зерттеп жатқанда біз біріңғай ертегі айтуға көштік. Сол баяғы дастархан басы, ошақ қасындағы кәкір-шүкір әңгіме.

Бабаларымыз Ай мен Күн туралы ЕРТЕГІ айтып жүргенде, Галилей ТЕЛЕСКОП ойлап тапты.

«Ертеде Аспан патшаның Ай мен Күн атты екі сұлу қызы болыпты. Ай Күнге қарағанда әдемірек болса керек. Өзінен әдемі болған сіңлісін көре алмай қызғанған Күн бірде Айдың бетін тырнап алады. Әпкесінің қызғаншақтығынан бетіне кетпестей тыртық түскен Ай күндіз адамдарға көрінуге ұялып содан бері тек түнде ғана шығады екен». 

1609 жылы Галилей Ай бетіндегі қара дақтар ертегіде айтылатын тыртық емес кратерлер екенін, онда таулардың болуы мүмкін екенін ғылым тілімен тұжырымдады. Оны жаңалығын көрген сол кездің ғалымдары қайран қалды. Бұл расында ғажайып болатын.

Енді мынаны қараңыз. Сіз ертегіні жалғыз біз айтқан екенбіз, Еуропа  бірден дамып кеткен екен ғой деп қапаланбаңыз.  Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Көңіліңіз түсетін жерді қазір айтамын. Еуропа ертегінің түбін түсірген. Жетіқарақшының Темірқазыққа байлап қоятын екі жылқысын біз Ақбоз ат пен Көкбоз ат деп атасақ, Еуропа Вега мен Капелла деп атаған.  Зевстің әйелі Гера Геркулесті қызғанып емізбей қағып жібергенде сүт шашырап, содан Құс жолы пайда болыпты-мыс.

Күлкілі, иә? Мұндай аңыз, ертегілер Еуропада болсын, Америкада болсын толып жатыр. Қисынға келмейтін ертегілерді екі халық та айтқан және әлі күнге дейін өзіне беймәлім аспан денелері туралы солай дейді. Мысалы  Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында тұрған адам баласы әлі күнге қара құрдым, квазарлар секілді мыңдаған аспан шырақтарының не үшін жаратылғанын түсіне алмай отыр. Біз неғұрлым біле түскен сайын, соғұрлым білмейтін дүниелеріміз көбейеді. Адам тумысынан өзі білмейтін дүние туралы алдымен аңыз, ертегі құрастыруға құмар. Бұл жалғыз қазақтың емес, жалпы адамзаттың психологиясына тән құбылыс.

Ең өкініштісі, біз ертегіні ғылымға айналдыра алмадық. Біздегі аңыздар сол аңыз күйінде қалды. Ондай ертегілер тек дастархан басында айтылды. Аңыз-әфсананың түбін қазбалап, ғылыми тәжірибемен толықтыру ешкімге керек болмады. Міне, осы жерде мұңайып, жабырқауыңызға болады.

Дала жұрты үшін Темірқазықтың солтүстікті көрсететіні, Сүмбіле шықса күн суытатыны секілді қарапайым өмірге қажетті аспан шырақтарын білу жеткілікті болды. Адамның жан дүниесі, оның білсем, көрсем, естісем деген ішкі сұранысы қай кезде де, қандай дәуірде де болған. Тіпті жан баспаған аралдарды мекендейтін аборигендердің өзі белгілі бір табиғат құбылыстарының сырын өзінше түсіндіруге тырысады. Бұл да адамның туа бітті қасиеті, оның өзге мақұлықтардан айырмасы.

Сол секілді біздің халықтың да бойында осындай сұраныстар мен қажеттіліктер үнемі болды. Дала көшпенділері, мейлі Орта Азияның Самарқан, Бұхара, Герат қалаларында болсын жаратылыстану ғылымдарын зерттеу, күрделі ғылыми ізденістерге ұмтылу, жаңа техникаға деген қызығушылықтың орны бос қалды. Міне, осы босап қалған «рухани вакуумның» орнын діни идеялар, аңыз, ертегілер толтырды. Нақты ғылымдармен айналысатын ғалымдар кетіп, олардың орнын мешіт-медреседегі имамдар ауыстырды. Осылайша қарапайым халық молда-мүдәристердің уағыз әңгімелерін қанағат етті.

Әттең, әрісі Хорезми, Фараби, Бируни, Қашғарилар, берісі Ұлықбек, Құсшы, Румилерді үлбіретіп қолда ұстамасақ та, ең құрығанда тыныш өмір сүргізгенде Галилей көрген ғажайыпты Азия халқы Еуропадан 200 жыл бұрын көрер ме еді кім білсін.

Рысбек Рамазанұлы, тарихшы,

«Әлем халықтары жазушылары одағының» мүшесі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы
    17/12 16:55 0 110
    2
    Қатерлі ісікке шалдыққан Нұрдәулеттің әкесі: Балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы (фото)
    17/12 14:30 0 343
    3
    Димаш: Мен шын мәнінде бақытты әнші екенмін (видео)
    17/12 12:50 0 1582
    Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым көрсетілді
    17/12 12:35 6 308
    Экс-президенттің ұлдары аштық жариялады
    17/12 10:50 0 661
    Кешегі Қайратым руxтанған алаңда бүгінде шырша тұр...
    16/12 22:57 0 652
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    16/12 17:25 10 5279
    "Басқа амалдың жоқ болғанын халық түсінсе екен..." - Елбасы (видео)
    16/12 16:51 0 3965
    Қазақстандық әнші-боксер қарсыласын нокаутпен жеңді
    16/12 16:35 7 2136
    "Екі аңыз адамның кездесуі": Шетелдік суретші Димаштың таңғажайып суреттерін жариялады (фото)
    16/12 16:10 12 2855

    Таныстырылғандар

    Өскеменде«Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық ІТ-форумы аяқталды
    Өскеменде«Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық ІТ-форумы аяқталды
    Өскеменде«Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық ІТ-форумы аяқталды
    Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысты
    06/12/2018 18:44 0 2006
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Біз қазір әділеттің ақ туы «Ақ байрақты» ту етіп көтеруге ылайықпыз ба? Ол бөлек әңгіме...
    07/12/2018 10:58 0 3247
    Эйфель мұнарасы уақытша жабылады
    Эйфель мұнарасы уақытша жабылады
    Эйфель мұнарасы уақытша жабылады
    Париждегі ондаған мұражай, оның ішінде Лувр мұражайы қарсылық акцияларына байланысты сенбіде жұмыс істемейтін болды
    08/12/2018 10:46 0 863
    Маңғыстаулық самбошылар ашық турнирде топ жарды
    Маңғыстаулық самбошылар ашық турнирде топ жарды
    Маңғыстаулық самбошылар ашық турнирде топ жарды
    Сайысқа еліміздің 3 қала, 14 облысынан барлығы 600 спортшы қатысқан
    09/12/2018 09:33 0 1763
    Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
    Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
    Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
    Телефоныңыздың IMEI-кодын тіркеп үлгеруіңізге 20 күн қалды.
    Аудио тыңдау
    11/12/2018 10:59 0 5318
    Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)
    Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)
    Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)
    Еліміз КСРО империясынан босап, өз алдына жеке ел болып, тәуелсіздік алған күннен бері, өшкеніміз жанып, өлгеніміз  тіріліп, осылайша қайта түлеп...
    Аудио тыңдау
    11/12/2018 22:08 0 1258
    2018-дегі елеулі экономикалық өзгерістер қандай болды?
    2018-дегі елеулі экономикалық өзгерістер қандай болды?
    2018-дегі елеулі экономикалық өзгерістер қандай болды?
    2018 жылдың қорытынды экономикалық мәліметтерін ұсынамыз.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 16:21 0 664
    Ендігі дағдарыста Қазақстанға ес жинау қиын болады
    Ендігі дағдарыста Қазақстанға ес жинау қиын болады
    Ендігі дағдарыста Қазақстанға ес жинау қиын болады
    Алдағы 10 жылда Қазақстанның экономикасы кері кете бастайтыны шындық па?
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 16:29 0 3937
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады
    Біз саясатта салмағы бар, бірнеше орта буын өкілін сөз етпекпіз
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 15:46 0 2115
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    АҚШ-та отандасымыз өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдап жүр
    Алаяқ әлі де бостандықта жүр. Оны жазаға тартарлықтай фактілер жеткілікті. Бірақ құқық қорғау органдарының жұмысы әзірге нәтижесіз
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 16:38 5 4847
    Уақытша сақтау қоймаларының қызметіндегі мәселелер
    Уақытша сақтау қоймаларының қызметіндегі мәселелер
    Уақытша сақтау қоймаларының қызметіндегі мәселелер
    Жекеменшік бизнес өзінің заңдық құқығын таптатпас үшін аймақтық атқарушы органдардан, жемқорлыққа қарсы мекемелерден көмек сұрайды.
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 17:12 0 584
    Шымкентте әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен сайыс өтті
    Шымкентте әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен сайыс өтті
    Шымкентте әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен сайыс өтті
    Байқаудың басты мақсаты, облыстағы жас армиялық қозғалысты дамыту
    13/12/2018 09:25 0 1055
    Алматы базарлары жаңартылуда
    Алматы базарлары жаңартылуда
    Алматы базарлары жаңартылуда
    Қазіргі кезде қаладағы 57 базардың 17-і жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы алтауы модернизацияланбақ
    07/12/2018 10:27 0 1424
    Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар
    Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар
    Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар
    Еліміздегі есер ән жазып, ессіз клипке түскен әншілер,  хайптың соңына түскен жұлдыздар  биыл да ел-жұртты шулатты.
    Аудио тыңдау
    14/12/2018 11:09 0 1132
    Астанада медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады
    Астанада медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады
    Астанада медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады
    2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің
    17/12/2018 16:50 0 78