• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:38:09
Алматы
+35°

03 Қаңтар, 2019 Әлем

Ғажайып: Жарылыстан 11 айлық сәби тірі қалды (видео)

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған.

1 қаңтардың таңертеңінде Магнитогорскте құлаған үйдің астынан 11 айлық сәби тірі табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі currenttime.tv сайтының дерегін негізге алып. Ваня Фокин есімді сәби жарылыс болған кезде балаларға арналған кереуетте ұйықтап жатқан.

«Сәбидің анасы да дін аман. Ол ауруханаға келіп сәбиінің тірі екеніне көз жеткізді. Ваня 325 пәтердің тұрғыны», деп ақпаратты растады орган қызметкерлері.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, сәбидің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер баланы Мәскеудегі балалар ауруханасына апарып емдеуге дайын. 11 айлық баланың бас-сүйегі зақымдалған.

Ал Челябинск облысының губернаторы Борис Дубровскийдің айтуы бойынша, құтқарушылар тұрғын үйді тексеріп, қоқыстан тазалап жүрген кезде баланың жылаған даусын естіген. Шенеунік бала кереуетте жылы оранған күйінде ұйықтап жатқандықтан  аман қалғанын айтты.

Баланың әкесі жарылыс кезінде жұмыста болған. Ал анасы мен ағасы жарылыстан кейін алғашқылардың бірі болып құтқарылды. Әкесі болса, құтқарушылардың киімін киіп, баласын іздеу үшін құтқару жұмыстарына араласқан.

«Мен арнайы киім алып, бірден құтқару жұмыстарына араластым. Құтқарушыларға баламның қайда жатқанын жорамалдап көрсеттім. Сол жерден баламды тауып алдық. Бұл біз үшін жаңа жылдық ғажайып сый болды», — дейді 11 айлық сәбидің әкесі Евгений Фокин. 

Айта кетсек, 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Министрліктің есебіне сәйкес, 48 пәтер енді тұруға жарамсыз. Бұл подъезде 46 адам тұрған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарын паналап жатыр.

Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізді. Сондай-ақ, ол газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барып, науқастардың хал-жағдайымен танысты.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір