• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:54:43
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Спорт

Ғасыр жекпе-жегі: Конор Макгрегор Хабиб Нурмагомедовке спирттік ішімдік ұсынды (видео)

Конордың айтуынша, Хабибтың әкесі Рамазан Қадыровтың көмекшісі. Көмекшісі дегенде, құлы.

2014 жылы олар құшақтасып, фотоға түседі. Ол кезде дағыстандық Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегордың төбелесіне тәнті болып жүрген кезі. 2016 жыл – Хабибтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың баласының атақ-абыройын ойлап, аты шулы Конормен жекпе-жек ұйымдастыруды көздеген уақыты. Алайда жарақатқа байланысты екі спортшы бір-бірімен кездесе алмайды. Хабибтың Конорға қарағанда салмағы ауырлау болуы да кездесуді мүмкін қыла алмады. Одан кейін Конор 1 жылдық демалысқа шығады. Бұл туралы Хабиб былай әзілдеген болатын: «Конордың әйелі емес, өзі жүкті болып қалған сияқты. Қысқасы, Конор декретте». Хабибтың бұл әзілі Конордың шамына тисе болуы керек, қарсыласының әкесі туралы жазба жариялайды. Конордың айтуынша, Хабибтың әкесі Рамзан Қадыровтың көмекшісі. Көмекшісі дегенде, құлы. Кадыровтың арқасынан пышақ салуға әркез даяр тұратын Абдулманап Нурмагомедов шын мәнінде Кадыровқа жағымпазданып, жағынып жүрген қорқақ.  Конордың бұл жазбасы да ғаламторда үлкен шу туғызады. Артынан Корнор Хабиб отырған автобусқа шабуыл жасайды. Мұны өзі таңды таңға атырып айтып беруге болатын ұзақ хикая. Өздеріңіз білетіндей, Хабиб Конордан қарағанда салмақтылау. «Автобустан түс» деп айғайлаған Конорды Хабиб игнор жасайды. Бірақ дағыстандықты байсалды азамат деуге аузымыз бармас. «Дағыстанға келіп ән салмаңдар» деп ресейлік әншілерге ескерту жасап, қорқытпақшы болған Хабибтың әкесі де орайы туғанда айтып қалғанды жақсы көретін адам сияқты.

Макгрегор мен Нурмагомедов арасындағы бір-біріне деген жек көрініш сезімі осылай бастау алған болатын. Мұның барлығы жекпе-жекке деген жұрттың қызығушылығын ояту үшін жасалынып жатқан дүние ме, жоқ па, онысын нақты білмедік. Бірақ камера алдында бір-бірін жұлып жеуге дайын спортшылардың көптен кұткен жекпе-жегі қазанның 6-сы күні Лас-Вегас қаласында өтпек. Кеше ғана арнайы пресс-конференция да ұйымдастырылған болатын. Қызу қанды Макгрегор конференцияны шоуға айналдыруға тырысып бақты. Қолынан келді де. «Конференцияда жанкүйерлердің қарасы неге көрінбейді»,- деп шағымданған Макгрегор дағыстандық жігітке спирттік ішімдік, анығын айтқанда, ирландиялық виски ұсынды. Отырған орнынан тұрмай қойған Хабиб ішімдіктен бас тартып, өзін сенімді ұстады. Бүкіл Дағыстанның ар-намысын қорғайтын Хабиб атақты Конор Макгрегорды тізе бүктіре ала ма, оны тек жекпе-жек аяқталған кезде ғана біле аламыз. Әзірге екі спортшының жанкүйерлері бірін-бірі сынап-мінеп, ғайбаттап, ғасыр жекпе-жегін тағатсызданып асыға күтуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір