• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:47:09
Алматы
+35°

07 Маусым, 2017 Ғылым-білім

Ғалымдар: Сыра тұтыну жүрек сырқатынан қорғайды

Күнделікті сыра ішіп тұру адамды жүрек-қан тамырлары ауруынан қорғауы мүмкін. Поцциллидағы Жерорта теңізі неврология институтындағы итальян ғалымдар осындай...

Күнделікті сыра ішіп тұру адамды жүрек-қан тамырлары ауруынан қорғауы мүмкін. Поцциллидағы Жерорта теңізі неврология институтындағы итальян ғалымдар осындай қорытындыға келген. Бұл туралы Qamshy.kz агенттігі BBC орыс қызметі ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Олар жасаған 150-ден астам түрлі зерттеудің қорытындысы Nutrition, Metabolism & Cardiovascular Diseases медициналық журналдарында жарияланған.

Шағын құмырадағы (330 мл) сыраны күнделікті тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін 25%-ға азайтады. Ғалымдар күнделікті тұтынудың өлшемі 2 құмырадан аспауы керек дейді. 

Шындығында сыра жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға оң әсер етеді. Ол қандағы «пайдалы холестерин» деңгейін көтереді. Ғалымдардың көзқарасынша, сыра құрамында одан басқа да адам ағзасына пайдалы химиялық элементтер бар.

Алайда, бұл алкогольге тәуелді адамдар және онкологиялық ауруы барларға арналмаған.

Сыраны өлшемді түрде тұтынатын, денсаулығы мықты адамдардың бұл әдеттен бас тартуының керегі жоқ.

Дегенмен, ғалымдар алкогольді өнімді белсенді қолдану адам ағзасын зақымдауға әкеліп соғатынын еске салады.

Айта кетсек, ғалымдардың бәрі сыра тұтынуға оң қарай бермейді. Британ медициналық журналы сыраны өлшемді қолданудың өзі онкологиялық ауруға әкеліп соғатынын жазған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір