• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:50:34
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2017 NEWS

Ғалымдар Помпей қаласынан табылған әйгілі мумиялардың интимдік құпиясын ашты

20 ғасырдың басында археологтар Помпейдегі вулканның қалдықтарының астынан бір-бірінің құшағында жатқан екі денені тауып алған. Біраз жылдар бойы бұларды әйел...

20 ғасырдың басында археологтар Помпейдегі вулканның қалдықтарының астынан бір-бірінің құшағында жатқан екі денені тауып алған. Біраз жылдар бойы бұларды әйел адамдар деп танып келген, алайда ғалымдар бірнеше уақыт бұрын табылған денелердің жынысын анықтау мақсатында сүйектері мен тістеріне кеңнен зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Стефано Ванакора есімді ғалым бастаған бір топ зерттеушілердің ашқан жаңалықтары бұған дейін айтылған пікірлердің бәрін жоққа шығарды, «екі әйел» екі ер адам болып шықты.

«Помпейліктер таң қалдырудан жалықпайды. Осы уақытқа дейін бұларды екі әйел адам деп ойлап келгенбіз. Алайда, компьютерлік томография мен ДНҚ сараптамасы бұл екеуінің ер адам екендігін дәлелдеді. Мәліметтерге сәйкес, екі ер адамның жас мөлшері 18-20 шамасында. Бұлардың денесі бірі екіншісінің кеуде тұсына басын қойып жатқан күйінде табылды», - деп хабарлады археологиялық зерттеулердің жетекшісі Массимо Осанна.

Сонымен қатар, ғалымдардың ойынша, екі ер адам бір-бірінің сүйген адамдары болуы әбден мүмкін. Дегенмен, мұны 100 пайыз құптай алмайды. Тек, бір ғана нақты дәлел – екеуі бір-бірімен туыстас болмаған, бауырлар да емес, әке мен бала да емес.

Везувий вулканының атқылауы біздің заманымыздың 79 жылында тамыз айында болған. Соның салдарынан Помпей, Геркуланум, Стабий атты үш қала мен бірнеше кішігірім ауыл тұрғындары қаза тапқан. Помпей қаласындағы 20 мың тұрғынның екі мыңға жуығы көз жұмған болатын.  Көптеген басқа тұрғындар бұл апатқа дейін қаланы тастап кеткен, ал қаза тапқандардың денесі қала сыртында көміліп қалып қойған. Сол себепті де, көз жұмған адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір