• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:45:44
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2019 Денсаулық

Ғалымдар нан өнімдерін тұтыну зиян деп дабыл қақты

2040 жылға қарай диабетінің деңгейі 40 пайызға дейін өсуі мүмкін.

Халықаралық ғалымдар тобы нан өнімдерін әзірлеу барысында пайдаланылатын пропионатты тұтыну гормондардың қалыпты қызметін бұзады деп дабыл қақты. Айтуларынша, бұл қоспа диабетке алып келеді деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибе жасау барысында ғалымдар әлгі қоспаны ағзаның бұлшық еттеріне қалай әсер ететінін анықтады. Нәтижесінде, пропионат жүйке талшықтарының белсенділігін күшейтіп, глюкагон, норадреналин және басқа гормондардың ерекше жұмыс жасай бастайтыны анықталды. Ал бұл дүниелер қант диабетіне алып келеді.

Тәжірибенің екінші тобына өз еркімен 14 адам қатысты. Олар екі топқа бөлініп, пропионат қосылған және қосылмаған тағамдарды тұтынды. Нан өнімдерін тұтынбас бұрын екі топтың да мүшелерінен қан алында. Артынша 15 минуттан кейін, сосын төрт сағат бойы әрбір 30 минут сайын тексеру жүргізіліп отырды. Қорытындысында пропионат метоболизм қағидаларын бұзып, гормондардың күшеюіне әкеліп соғатыны анықталды.

Статистикаға сүйенсек, әлемде 400 миллион адам қант диабетінен зардап шегуде. Бұл дерттің алдын алу шаралары қатаң сақталуына қармастан, 2040 жылға қарай диабетінің деңгейі 40 пайызға дейін өсуі мүмкін.

Аударған: Әділет Мәдениет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір