• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:53:38
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2017 Ғылым-білім

Ғалымдар Ай мен Марс ғаламшарынан адамдар қоныстануға болатын жерді тапты

Ғалымдардың пайымдауынша, үңгірлер мен лава құбырлары адамдарды микрометеориттер мен ғарыш сәулелерінің ағымынан қорғай алады

Падуи және Болонии университеттерінің ғалымдары Ай мен Марс ғаламшарынан адамдарды қоныстандыруға болатын жерді тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында еуропалық астрофизиктердің Eroplanet ресми сайты мәлімдеді.

Сарапшылар ғарыштық бедер модельдерін саралап, Ай мен Марс ғаламшарындағы үңгірлер мен «лава құбырлары» адамдардың өмір сүруіне ең қолайлы жерлер деген шешімге келді.

Ғалымдардың пайымдауынша, дәл сол үңгірлер мен лава құбырлары адамдарды микрометеориттер мен ғарыш сәулелерінің ағымынан қорғай алады.

«Лава құбырлары» - лаваның біркелкі салқындамай қалған кезінде пайда болған арналар. Лаваның үстіңгі беті тезірек салқындайды да, қабаты қатты және монолитті болып қалыптасады, оның ішіндегі сұйық лава бірте-бірте кетіп, туннель қалыптастырады. Ғалымдар мұндай туннельдер 65 километрге дейін жететіндігін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір