• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:41:47
Алматы
+35°

27 Маусым, 2017 Әлеумет

Ғалымдар аса қауіпті аурулар қай жануардан берілетінін анықтады

Нью-Йорктағы EcoHealth Alliance зерттеу ұйымы «әлемдік қауып картасын» жасап шығарды. Онда Латын Америкасы адамзаттың денсаулығына қауіп төндіретін...

Нью-Йорктағы EcoHealth Alliance зерттеу ұйымы «әлемдік қауып картасын» жасап шығарды. Онда Латын Америкасы адамзаттың денсаулығына қауіп төндіретін вирустар ордасы ретінде көрсетілген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

EcoHealth Alliance зерттеушілері сүтқоректілер мен вирустарды, олардың адаммен қарым-қатынасын зерттеді.

Олардың есебінде жарқанаттар ең қауіпті жануар ретінде көрсетілген.

Ғалымдар өздері жинастырған мәліметтер СПИД, Эбола немесе тұмау секілді аурулардың алдын-алуға көмектеседі деп есептейді.

Ең қауіпті инфекция адамға жануардан жұққан. Эболаның кең етек жаюуына жарқанаттар себепші болған. Ал ВИЧ адамдарға маймылдан берілді.

EcoHealth Alliance мамандарының алдында кезекті эпидемия қай жерде пайда болуы мүмкін екенін болжау міндеті тұр. Ол үшін мамандар сүтқоректінің белгілі 754 түрінде кездесетін 586  вирусты зерттеуіне тура келді. Мұнда адамдар мен сүтқоректілерді жұқтырта алатын 188 зоонозды жұқпа кіреді. Олардың кейбірі бүге-шүгесіне дейін зерттелген. Ғалымдар вирусты таратушылардың қайсысы адамға берілуі мүмкін екенін білгісі келді.

Олардың жұмыстары Nature журналында жарияланды. Онда жарқанаттар тасымалдайтын 17 инфекция аталған. Және кеміргіштер тарататын 10 инфекция көрсетілген.

Осыдан кейін мамандар жануарлар мен инфекция түрлері әлемнің қай түкпірінде көп шоғырланғанын анықтап, оның картасын жасап шықты.

Зерттеудің авторлары олар құрған карта әлем бойынша келесі эпидемияның алдын-алуға көмектеседі деп үміттенеді.

«Адамдардың қоршаған ортаға әсерінен эпидемия болады дегенді жеткізгіміз келеді. Адамзат жабайы табиғатқа араласуды барынша азайтуы қажет. Аңшылыққа шығып, жабайы аңдар мекен ететін ортаны жоюды тоқтату керек» деді зерттеушілердің бірі Кевин Оливал.

EcoHealth Alliance жаңа мақсатын айқындады. Олар енді жұқпалы ауруларды тарататын құстарды зерттеп көрмек.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір