• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:11:47
Алматы
+35°

27 Қаңтар, 2017 Әлеумет

Ғалымдар алғаш адам мен шошқаның жасушаларынан ұрық жасады

Халықаралық генетиктер тобы алғаш рет  шошқаның және сүтқоректілердің жасушыларынан ұрық жасап шығарды деп жазады 

Халықаралық генетиктер тобы алғаш рет  шошқаның және сүтқоректілердің жасушыларынан ұрық жасап шығарды деп жазады ria.ru. Бұл адам органдарын жануарлардың денесінде өсіруге жол ашады.

«Атқарылған жұмысқа 4 жыл  қажет болды. Біз бұл тапсырманы орындау үішн шын мәнісінде қанша күш қажеттігін жете түсінбедік. Бұл адам ағзасын шошқаның денесінде өсірудің маңызды алғашқы қадамы. Біздің негізгі міндетіміз - трансплантацияланатын ағзаны өсіру. Ол үшін  жасушаның бізге қажетті мүшелерге қалай айналдыруын түсінуіміз қажет» деді Ла-Хойе (АҚШ) Салка институтының уәкілі Хуан Бельмонте.

Шамамен 15 жыл бұрын биологтар ксенотрансплантацияны белсенді талқылай бастады. Ксенотрансплантация – жануарлардың ағзасын адамға ауыстыру. Бұрынғы кезде бұл идеяны жүзеге асыру үшін қарапайым тапсырманы орындаса болды деп ойлады. Яғни иммундік жүйені өзге органдарды өгейсінбеуін қамтамасыз етпесе болды деп топшылады.

Ғалымдар шошқа мен басқа да жануарлардың органдарын біздің иммундік жүйемізге көрінбейтіндей етіп жасауды қолға алды. Өткен жылы ғана белгілі американдық генетик Джордж Черч бұл тапсырманы орындауға жақын қалды.

Бельмонте және оның әріптестері бұл жүйені адам ағзасын трансплантациялау үшін шошқаның ішкі ағзасында өсіру үшін қолданады. Оларды шошқа немесе басқа жануардың ұрығына адамның жасушаларын нақты дамитын кезеңде енгізу арқылы құруға болады.

Мұндай тәжірибе тышқандарға бұрыннан бері жасалып келеді. Нәтижесі де жаман емес. Алайда шошқа немесе маймыл секілді жануарларға мұндай тәжірибе жүргізілмеді немесе сәтсіз аяқталды. Бельмонте тобы CRISPR/Cas9 көмегімен шошқа мен тышқандардың ұрығына кез-келген жасушаны енгізуді үйрену арқылы  діттеген мақсатқа жету үшін қарымды қадам жасады.

Аталған ДНҚ «киллер» ретінде қолданылады. Ұрықтың мүшелері қалыптаса бастағанда клеткалардың бір бөлігін таңдап тұрып өлтіреді. Сол уақытта ғалымдар басқа жануарлардың жасушаларын енгізеді. Олар бос орынды толтырып CRISPR/Cas9 көмегімен жоқ болып кеткен органға айнала бастайды. Белгілі себептерге байланысты басқа мүшелерге тиісуге болмайды.

Мұндай әдісті  егеуқұйрықтың ұйқы безін  тышқандардың денесінде өсіру арқылы сынап көрді. Ғалымдар адамдар мен шошқа жасушаларын жұмыс істеу үшін бұл жүйенің бейімделуіне 4 жыл жұмсады.  Шошқаның ұрығы оның адами аналогынан үш есе тез дамитыны қиындық туғызды. Бельмонте мен оның әріптестері адам жасушасының имплантациясы үшін ыңғайлы уақытты өте ұзақ таңдады.

Шамамен екі, үш ұрық бір ай бойы дамыған. Бірақ ғалымдар АҚШ-тың заңына сәйкес тәжірибені тоқтатуына тура келді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір