• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:02:40
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2018 NEWS

Ғабит Байжанов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып. 

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ  Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015); ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен. Соңғы лауазымы - ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Генерал-майор (05.05.2010), сыртқы барлаудың генерал-лейтенанты (03.05.2018) шендеріне ие.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір