• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:45:03
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2017 NEWS

Геннадий Головкин карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) кәсіпқой рингте әлі қанша уақыт жұдырықтасатыны туралы айтты

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) кәсіпқой рингте әлі қанша уақыт жұдырықтасатыны туралы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен өзімді жақсы сезініп жүрмін, жасыма сай. 25 пен 35 арасында үлкен айырмашылық сезгенім жоқ. Бұрынғысынша күнде жаттығамын, бәрі баяғы қалпында. Спаррингтер де сондай, жылдамдық та, күш те. Он жыл бұрынғы қалпымдамын, 35-те болсам да, өзімді 25 жастағыдай сезінемін. Жан дүнием "Канелодан" да жас болар".

Мүмкін, 40 жасыма таман қоярмын. Әлі бес жылым бар. Әр күн өзінше қиын және қауіпті. Әзірше жағдайым жақсы. Отбасым мен командам мені қолдап келеді. Маған ыңғайлы. Сондықтан әлі бес жыл жұдырықтасатын шығармын", – деп келтіреді боксшының сөзін Boxingnews24.com.

Мұның алдындағы сұхбаттардың бірінде Головкин "Канеломен" жекпе-жектен кейін бокстан кетуі мүмкін екенін айтқан.

Алайда қазақстандықтың бапкері Абель Санчестің сөзінше, Головкиннің сөзін бұрмалап жіберген, бұған бір жағынан оның ағылшын тіліндегі акценті де себеп.

Головкин кәсіпқой рингке алғаш 2006 жылы шығып, 37 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның 33 кездесуі нокаутпен аяқталған. Осы көрсеткіштерінің арқасында Головкин орта салмақтағы ең мықты нокаутшы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір