• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:19:13
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2019 NEWS

Геннадий Головкин есімін өзгертті

Аты аңызға айналған боксшының аты өзгерді.

GGG Promotions компаниясының бақылаушы директоры Том Леффлер атақты кәсіби боксшының атының жазылуын өзгерткенін және оның не себептен бұлай жасағаны туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

"Оның аты "Дженнадий" емес, "Геннадий". Біз маркетинг, жарнама және жалпы әлеумет үшін осы уақытқа дейін оның есімін "Gennady" деп келдік. Дұрысында оның есімі латын қарпі бойынша "Gennadiy" деп жазылуы тиіс. Бұл – техникалық өзгеріс. Егер кімде-кім бұл есімді жаттау қиын десе, Triple G деп қолдансын. "Миллиардеры" сериалында да боксшыны осылай атайды. Сіз осындай деңгейге жеткен кезде, бокс шеңберінен әлдеқашан шығып кеткеніңізді түсінесіз. Ол O2 Arena, "Мэдисон Сквер Гарден", T-Mobile Arena сияқты үлкен ареналарда шоу жасап, елдің сүйіктісіне айналды. Оны күллі әлем жақсы көреді", - дейді Том Леффлер.

Головкин өз атындағы әріптерді өзгертіп жатқанда, оның жанкүйерлері боксшының лақап атын өзгертіп жіберді. Абель Санческе ақша қимай, сараңдық жасады деген пікірдегі жанкүйерлер оны "Ақша" (Money) деп атады.

Абель Санчес пен Головкиннің де екі жолға бөлінгені жанкүйерлерге аса ұнай қойған жоқ. Кез-келген сатылымнан, түсімнен бас бапкер 10 пайыз үлес алуы керек болған. Головкин оны 2 пайызға дейін қысқартқан кезде Санчестің өкпесі қара қазандай болып, келісімшартты бұзған еді. Ал Головкин болса өзіне жаңа бапкер тауып үлгеріпті. Оның есімі сенбі күні жария болмақ.  

Еске сала кетейік, "Ақша" деген лақап ат бокс әлемінде бар. Ол кіші Флойд Мейвезерге тиесілі.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір