• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:11:15
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Спорт

Геннадий Головкин ең көп гонорар алатын үздік 5 боксшы қатарына кірді

Головкин жақында DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойды. Компания оны одан әрі қомақты чектермен қамтамасыз етері сөзсіз.

Mmaboxing.ru сайты қазіргі уақыттағы ең көп гонорар алатын бес боксшының рейтингін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем бойынша теледидардан берілген алғашқы боксшылар жекпе-жегі 1933 жылы Лондонда орта салмақтағы Арчи Секстон мен Лори Райтери арасында болған.

Содан бері теледидардағы тегін трансляциялар ақылы pay-per-view деңгейіне дейін дамыған.

Қазіргі уақытта жұлдызды боксшылар бір кештен түсетін қаржы арқылы байып кету мүмкіндігіне ие болды.

Бұл күні млн долларлық жекпе-жекпен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Оған 2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін ең жоғары қаржы алып келген боксшылардың бестігі дәлел бола алады.

5. Деонтей Уайлдер - 16,1 млн доллар.

Аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Уайлдер өткен жылдың наурыз айында жеңіліп көрмеген кубалық Луис Ортистен басым болып, 2,1 млн доллар алды. Желтоқсан айында Уайлдер Тайсон Фьюримен жекпе-жекке шықты. Сол айқаста шамамен 325 000 PPV сатылып, боксшыға 14 млн доллар табыс әкелді.

4. Мэнни Пакьяо - 30 млн доллар.

Әлем бойынша сегіз категориялы жалғыз чемпион Пакьяо соңғы рет 19 қаңтарда Лас-Вегастағы "MGM Grand" аренада Эдриен Бронермен жекпе-жекке шығып, бірауызды шешіммен жеңіске жетті. Showtime арнасынан pay-per-view бойынша көрсетілген сол жекпе-жекте филиппиндық боксшы 10 млн доллар табысқа кенелді.

Хабарламаларға сүйенсек, сол айқаста 400 мың PPV сатылған. Алайда, Пакьяо үшін бұл соншалықты жоғары көрсеткіш емес, өзінің әлдеқайда әлдірек жылдарында ол бұдан да көп табыс тапқан.

Шілде айында Пакьяо Лукас Маттиссені 7-ші раундта нокаутқа жіберіп, оны WBA-ның "тұрақты" чемпионы титулынан айырды.

Сол жекпе-жекте "Пакменнің" нақты қанша табыс тапқаны белгісіз, алайда оның кеңесшісі Майкл Концтың мәліметіне сүйенсек, кем дегенде - 20 млн доллар.

3. Геннадий Головкин - 41 млн доллар.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин.

Ол өткен жылдың қыркүйек айында Саул Альвареспен қарымта кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Дегенмен, жеңіліске ұшыраған ол 40 млн доллар алды.

Ақылы жазылушылардың саны 1,1 млн болды.

Одан төрт ай бұрын Головкин Ванес Мартиросянды екі раунд ішінде оп-оңай нокаутқа жіберген болатын.

Нәтижесінде 1 млн доллар табыс тапты. Головкин жақында DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойды. Компания оны одан әрі қомақты чектермен қамтамасыз етері сөзсіз.

2. Энтони Джошуа - 51,6 млн доллар.

Өткен жыл ауыр салмақтағы WBO, WBA және IBF чемпионы үшін табысты жыл болды. Наурызда Джозеф Паркер біріктірілген жекпе-жекте жеңіске жетіп, 28,5 миллион доллар тапты.

Қыркүйек айында Поветкинді 6 раундта Wembley Stadium стадионында нокаутқа түсіріп, өз белбеуін қорғаған.

Бұл кездесуі үшін Джошуа 28,5 млн доллар табысқа кенелді.

1. Сауль Алварес - 65 млн доллар.

Өткен жылдың көктеміндегі допинг оқиғасына қарамастан орта салмақтағы WBC/WBA чемпионы Альварес 2018 жылы екі мәрте рингке шықты.

Қыркүйек айындағы Головкинмен жекпе-жектегі жеңісі үшін ол 50 млн доллар алды.

Ал желтоқсан айында "Канело" DAZN-мен келісім бойынша өзінің бірінші айқасын өткізді.

4 мамырда Альваресті абсолютті әлем чемпионы атағы үшін кездесу күтіп тұр.

Ол бұл жолы IBF чемпионы Дэниел Джейкобспен айқасады.

Аталған бокс кеші мексикалық спортшы үшін мол табыстың көзі болары сөзсіз.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

All smiles from today’s press conference. Our partnership with DAZN is official. Can’t wait to get back to the ring.

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір