• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:07:54
Алматы
+35°

Геннадий Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Головкин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Өзім және мансабым үшін қабылдаған маңызды шешім туралы хабарлағым келеді... Бұған дейінгі жеткен жетістігіме арқа сүйеп, ары қарай дамуым керек. Сол себепті, енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын деп шештім. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің кәсіби қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтыру туралы кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Я хотел бы объявить о важном решении, которое принял для себя и своей карьеры. Мне необходимо продолжать совершенствоваться, опираясь на то, чего я уже достиг. Поэтому я решил не тренироваться с Абелем Санчесом. Это было нелёгкое решение, которое никак не связано с его профессиональными качествами. Он хороший тренер, преданный, тренер из Зала Славы. Я объявлю своего нового тренера в ближайшее время, но сегодня я хотел бы поблагодарить Абеля за то, что он дал мне в боксе. ⠀ I would like to announce that I have made a major decision for myself and for my career. I want to build on what I have already achieved and continue to better myself. Therefore, I will not be training with Abel Sanchez. This was not an easy decision for me and it is not a reflection on Abel's professional abilities. He is a great trainer, a loyal trainer, and a Hall of Fame trainer. I will be announcing my new trainer at a later date. But today, I want to thank Abel for the lessons he taught me in boxing.

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеп келген. Санчестің басшылығымен Головкиннің соңғы жұдырықтасуы 2018 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жек болған.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады деген ақпарат бар. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ешкімнен жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді деп жоспарланған. 
 
Ұсынған: Мақпал Сембай
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір