• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:05:47
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Спорт

Геннадий Головкин әлем чемпионы болуға жақын қалды

WBO белбеуі - Головкин кәсіпқой бокста ала алмаған жалғыз титул

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) таяу күндері орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (27-0, 17 КО) шаршы алаңда жұдырықтасуға мүмкіндік алып қалуы ғажап емес. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель BoxingScene басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпанда жаңартылған рейтингте Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымында (WBO) көш бастады. Осылайша, ол Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО) иелігіндегі WBO белбеуіне міндетті қарсылас болады деген сөз.

"Бәлкім біз іріктеу кездесуін өткіземіз, я болмаса Головкинді Андрадеге міндетті қарсылас етеміз. Біз осы мәселені 21 ақпанға дейін шешуіміз керек", - деді Валькарсель.

Осыған дейін рейтингте WBO бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс бірінші тұрған, алайда ұлыбританиялық боксшы екінші орта салмаққа көтерілді.

Қаңтарда Головкин DAZN стримингтік жүйесімен және FOX пен Showtime арналары арқылы трансляция жүргізу үшін Premier Boxing Champions жобасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. DAZN өкілдері қазақстандыққа Андрадемен жекпе-жек ұсынды, кейін Сауль Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші кездесу өткізу ұсынысы да болған.

Айта кетейік, WBO белбеуі - Головкин кәсіпқой бокста ала алмаған жалғыз титул. Ол бірнеше рет Сондерспен келіссөздер жүргізді, алайда жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмады.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір