• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:19:55
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 NEWS

Гелендваген тақымдаған болашақ офицерлер ел ішін шулатты(видео)

Әскери мектептен вип-кортежбен шыққан түлектердің видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Гелендваген тақымдаған болашақ офицерлердің әрекеті дауға ұласты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әскери мектептен вип-кортежбен шыққан түлектердің видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Онда жас әскерилердің қандай әрекет жасағаны көрініп тұр.

Болашақ офицерлер осылайша Гелендваген тізгіндеген. Белгілі болғанындай, қымбат кортеж жалдағандар Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы Жас Ұлан әскери мектебінің биылғы түлектері екен. Кортежде нақты неше көлік болғаны белгісіз. Ұзын-сонар көліктер тізбегін ақ түсті Хаммер бастаған. Әскери форма киіп, қыдыруға шыққан түлектер қымбат көліктердің терезесінен жартылай шығып алыпты. Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп - болашақ офицерлерді дайындайтын санаулы оқу орындарының бірі. Ал қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл жайтқа қатысты былай деп түсініктеме берді.

Қайрат Көпбаев, Қорғаныс министрлігі кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы:

"Әлеуметтік желіде тараған таспаға қатысты қазір тексеріп жатырмыз. Бүгін-ертең анықталып, мектеп басшылығы жауапқа тартылуы ғажап емес. Біз мойындаймыз, кішкене бір қателік кеткен шығар"- деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жас түлектер жантүршігерлік жол апатына ұшырады (видео)

Ұсынған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір