• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:00:15
+35°

01 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Гауһарды сотқа берген әйел: Өкпем де, кегім де жоқ (видео)

Ал Гауһар Әлімбекованы сотқа берген Бақыт Назарова 20 жылдан бері базарда сауда жасап жүр.

Жәбірленуші Бақыт Назарова әншіге кек сақтамайтынын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның дерегін негізге алып. 

Заңгер Орынбасар Тілепбергеновтың айтуынша, жәбірленуші Бақыт Назарова келісімге келгенін айтып, сотқа қайта талап-арыз берген жағдайда 6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекова бостандыққа шығуы мүмкін.

♦"Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, адвокаттығыма сын болар..."

Ал Гауһар Әлімбекованы сотқа берген Бақыт Назарова 20 жылдан бері базарда сауда жасап жүр.

Қарапайым азаматша кезінде Гауһарға 40 мың доллар тауып беру үшін бірнеше рет несие алып, қарызға белшесінен батқан. Оның сотқа бергендегі мақсаты – әншіні түрмеге отырғызу емес, ақшасын қайтару екен. Өзінің есептеуі бойынша, Әлімбекова оған 51 мың доллар, 10 миллион 500 мың теңге қарыз. 

"Осындай ортамызда жағдай болды екен деп, мен оны табаламаймын. Оған өкпем де, кегім де жоқ. Ал оны кешіремін, кешірмеймін дейтіндей мен кіммін, Алла тұрғанда? Алла, бәріміздің кешірім, тәубәмізді қабыл алатын. Сіздерге айтарым, Гауһарды түсінуге, сөкпеуге тырысыңыздар", – дейді жәбірленуші.

♦Гаухар Әлімбекованың тағдыры: «Музарт» саған айтам... Төреғали мен Қайрат, сен тыңда!

Халық сот Гауһарға тым ауыр жаза берді деп әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Алайда заңгер Орынбасар Тілепбергенов әнші тіпті, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді деп отыр. Сот оның бұрын сотталмағаны мен қоғамдағы беделін ескерген. Заңгердің айтуына қарағанда, Гауһар мен оны сотқа берген әйел бітімге келгенде іс осылай аяқталмас еді.

"Аппеляцияға берген күннің өзінде Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені, соттан біз өрескел қателік көріп тұрған жоқпыз. Ал жәбірленуші "келісімге келдім" деп, қайта талап арыз беретін болса, онда жағдай өзгеріп, Әлімбекованың босап шығуға мүмкіндігі бар", – дейді заңгер.

♦Гаухар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын түсіндірді

Демек, Назарова мен Әлімбекова ымыраға келсе, әншінің бостандыққа шығуы әбден мүмкін.

Айта кетсек, кеше "еліміздегі танымал әншілердің бірі Гауһар Әлімбекова алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға сотталды, деген ақпарат көпшілікті есеңгіретіп тастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір