Гаухар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын түсіндірді

Гаухар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын түсіндірді
Ⓒtengrinews.kz

Алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты Жұмағали Зинелов істің жай-жапсарын айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді.

"Халық білуі үшін оқиғаның мән-жайынан бастайын. Бұл 2013 жылы болған іс. Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойындағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде түрік компаниясы үй салған. Оны істің фигуранты Феруза Ордабаева әкімдікте істеймін әрі мемлекеттік бағдарламамен 3 бөлмелі пәтерлерді 40 мың долларға алып беремін деп, 35 адамды алдаған. Солардың ішінде әнші Гауһар Әлімбекова да бар. Ордабаева Әлімбекованың талай концерттеріне барып, сүйіп тыңдайтын жанкүйері болған, соңы таныстыққа ұласқан. Сөйтіп, екеуі құрбы болған. Әлімбекова сол алаяқ құрбысының ұсынысынан кейін үш туысының атынан үш бөлмелі 3 пәтер алған", - деп әңгімеледі ол.

Алғаннан кейін бір жылдай уақыт тұрғаннан кейін, адвокаттың сөзінше, ескі танысы, құрбысы Бақыт Назарова әншінің үйіне қонаққа келген. Осы кезде Назарова оның үйіне қызығып, өзі де сатып алғысы келеді. Осылайша, ол да Ордабаевамен танысып, үйге 40 мың доллар ақша береді. Сөйтіп, бір айдың ішінде Назарова баспаналы болады. Әнші Әлімбекова мен арызданушы Назарова екеуі бір подъезде тұрған.

Ал уақыт өте келе бұл үй негізі келісімшарт бойынша бөліп төлеуге сатып алынатын, құны әлдеқайда қымбат үй болып шығады.

"Сонда алаяқ әйел бұл екеуін бастапқы жарна ретінде 600 мың теңгесін төлеп, бір жылға үйге кіргізіп қойған да, қалған ақшасын қолды қылады. Үй алып, мәз болып жүргенде екі жылдан кейін бұларды баспана салушы компания қуып шығады. Сөйтсе, үйдің құны 37 миллион болып шығады. Үйді алған кезде алданғандар мұның бөліп төлеу арқылы сатып алынатын баспана екенін келісімшартта оқымаған. Алаяқ төлеп берген екі жыл бойы оларға ешкім тиіспеген де, осы уақыт өткеннен кейін үй салушы компания бұлардан ай сайын 250 мың теңгедей сома төлеп тұру керек дейді. Алданғандар осы кезде ғана есін жиып, алаяқты құрбаны болғанын түсінеді. Сөйтіп, Әлімбекова да, оның құрбысы Назарова да, олармен бірге осылайша үйлі болған тағы 35 адам далада қалады", - дейді адвокат.

Осыдан кейін, Зинеловтың айтуынша, зардап шеккендер алаяқты іздеп, сотқа арыз жаза бастайды. Бұл кезде әнші Гауһар Әлімбекова шығармашылық адамы болғандықтан шаруасы көбейіп, арыз жазбай қалған.

"Яғни бұл істе әншінің өзі зардап шегіп отыр және бір емес, үш бірдей үйдің ақшасынан айырылып отыр. Арада уақыт өткенде, 2016 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қылмыстық істің басты фигуранты Феруза Ордабаеваны соттап, оны 7 жылға бас бостандығынан айырады", - дейді адвокат. 2017 жылдың соңына дейін ақшасын әншіден күткен Бақыт Назарова шыдамы таусылып, Гауһар Әлімбекованың үстінен арыз түсіреді. Бұл сот ісі бойынша отырыс өтіп қойған болса да, жаңа зардап шегуші пайда болғандықтан, іс қайта көтеріліп, енді Феруза Ордабаевамен бірге сот алдына Әлімбекова да келеді. Мемлекеттік айыптаушы Әлімбекованы Ордабаевамен бірге алаяқтық жасады деп, яғни жәбірленуші Назарованы Ордабаевамен таныстырды және жолықтырды деп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша айыпты деп тануды, сөйтіп, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды. Бұл не деген сұмдық? Бірде бір тиын пайда көрген жоқ, жақсылық жасайын деп таныстырғаны үшін істі болуы керек пе?", - деп наразылығын білдірді адвокат.

Назарованың араз-талабы бойынша сот кеше, 2019 жылдың 30 қантар күні істің екі фигурантына қатысты үкім шығарады. Ол үкім бойынша, Феруза Ордабаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. ҚР "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңынын 4-бабының 1-тармағы 2-тармақшасының жартысына дейін қысқартылып, оған түпкілікті түрде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Ал Гауһар Әлімбекова сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Осылайша, адвокаттың айтуынша, бұл істе үкім өте жылдам әрі мән-жайын анықтамай жатып шығарылған. "Мен айыптау актісі қате шығарылған деп есептеймін. Гауһар Әлімбекованың бұл істе кінәсі, пайда көргені, арам пиғылы болғаны бірде-бір эпизодта дәлелденбеген деп есептеймін. Оның үстіне өзі алдағысы келген адамға өзімен көрші үйді алып бере ме? Бұл логикаға жатпайды ғой", - деп қорытындылады адвокат сөзін.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
    23/04 22:02 0 98
    2
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 236
    3
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 193
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 115
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 335

    Таныстырылғандар

    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партияның төрағасын ұсынды
    15/04/2019 12:17 0 2675
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
    15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өтті.
    16/04/2019 08:33 0 3239
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Бұл туралы ҚР президенті Тоқаев өзінің Instagram парақшасына жариялады.
    17/04/2019 06:29 1 1303
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    Түркістан облысы Шарадары ауданының 1999 жылғы мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойды қайрымдылық шарасына
    17/04/2019 06:56 0 2332
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Біздің елдегі сауда нүктелерінің дені жекеменшіктің қолына өтіп кетті
    17/04/2019 10:03 0 507
    "Дос-Мұқасан" әншісі әуежай қызметкеріне қол жұмсады
    "Дос-Мұқасан" әншісі әуежай қызметкеріне қол жұмсады
    "Дос-Мұқасан" әншісі әуежай қызметкеріне қол жұмсады
    Ұшаққа отырғызу барысында Мұрат Құсайынов қатты сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан.
    17/04/2019 14:02 0 2383
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
    Алайда әйгілі "Дос-Мұқасан" тобының әншісі мұның бәрін жоққа шығарып отыр.
    17/04/2019 21:41 0 1717
    Димаштың "бомба" бейнебаяны жарық көрді (видео)
    Димаштың "бомба" бейнебаяны жарық көрді (видео)
    Димаштың "бомба" бейнебаяны жарық көрді (видео)
    Игорь Крутой "Шаршаған аққулар махаббаты" әніне түсірілген бейнебаянның "бомба" болатынын айтқан еді.
    18/04/2019 21:28 0 8495
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Алматы облысыны қарасты Үштөбе қаласында да дәл қазір осындай қарбалас болып жатыр
    19/04/2019 12:07 0 1508
    Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
    Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
    Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
    Жиын кезінде Бәзілбаев сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
    19/04/2019 16:17 1 833
    Қордайдағы жол апаты: аман қалған жолаушылар оқиға туралы айтты
    Қордайдағы жол апаты: аман қалған жолаушылар оқиға туралы айтты
    Қордайдағы жол апаты: аман қалған жолаушылар оқиға туралы айтты
    Бәрі жылдамдықтың кесірінен болды.
    23/04/2019 11:12 0 438
    «Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?
    «Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?
    «Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?
    Ол – «Ұла дала тұлпары – Құлагерге» ескерткіш тұрғызған жаны қазақы жігіт
    23/04/2019 11:13 0 404
    Димаш: Ерекше талантым бар деп мақтана алмаймын (видео)
    Димаш: Ерекше талантым бар деп мақтана алмаймын (видео)
    Димаш: Ерекше талантым бар деп мақтана алмаймын (видео)
    Сұхбат кезінде қытайлық тележүргізуші "Өзіңіздің музыкалық талантыңыз барын қашан түсіндіңіз?" деген сұрақ қояды. Аталмыш сұраққа Димаш былай жауап берді:
    23/04/2019 11:24 0 117
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Тоқаевты ұсынамын", - деді Назарбаев.
    23/04/2019 11:27 0 656
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Бүгінгі қазақ ысырапшылдығының жағдайы
    23/04/2019 11:52 0 224