• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:18:27
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Рамазан айының қарсаңында танымал әнші Гаухар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысы Бақыт Назаровадан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қос құрбы "Пендеміз ғой" бағдарламасына қонақ ретінде қатысты. 

Бағдарлама барысында Гаухар Әлімбекова "Мен кінәлі емеспін. Бірақ халық айтса қалып айтпайды деген бар ғой. Сол себепті мен халықтың алдында сізден кешірім сұраймын", - деді. 

Ал оның құрбысы Бақыт Назарова болса "мен Пайғамбар емеспін. Менде де қателік бар шығар. Сен де мені кешір", - деп екі құрбы құшақтасып, татуласты. 

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гаухар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Ал енді осы бір мүмкіндікті пайдаланып, Гауһар айналайын, сіз кішілік жасап, Бақыт ханымнан кешірім сұрап, осы дүниені садақа жасаңыз. Болары болған екен. Оны қуып, қаза бергеннен ештеңе шықпайды. Сізге ана дүниеде сарай соғып береді. Екеуіңізде осыны тоқтатсаңыз, сіздерге Алла риза болады. Орныңыздан тұрып кешірім сұрасаңыз, сіз "Кешірдім. Садақа" десеңіз, Алла жақсылықты үйіп-төгеді. Қазақ атасы өлгенді де кешірген. "Екі қатын ұрысса, бір-бірінің мінін айтады" дейді. Қазір мін айтып отырсыздар. Дүниені адам қолмен ұстау керек. Жүрекке жақындатпау керек", - дейді Қарлығаш Бекпатшақызы. Бұл сөзге Бақыт Назарова иіліп, әншіні кешіруге дайын екенін жеткізді. "Қазір тәубесіне келсе, дайынмын. Гауһар Алланың сүйікті құлы. Оған кешірім беріп, басқа жолмен дәрежесін көтереді. Тәкаппар адамды Алла сүймейді", - деді Бақыт Назарова. Гауһар Әлімбекова да жәбірленуші Бақыт Назаровадан кешірім сұрады. "Мен кінәлі емеспін. Бірақ халық үшін сізден кешірім сұраймын, Бақыт апай", - деді әнші.

Публикация от ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНҒАНДАР (@qaz.stars)

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір