• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:36:25
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2019

Гаухар Әлімбекова 6 жылға сотталды

Ал прокурор болса танымал әншіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бүгін Гаухар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алматы қаласы Алмалы ауданындағы сот шешімі бойынша танымал әнші 6 жылға сотталды. 

Гаухар Әлімбековаға алаяқтық жасады деген айып тағылды. Әнші 15 жыл бойы жақын құрбы болған Бақыт Назаровадан 40 мың доллар ақша алып, "Ақкент" ауданынан пәтер алып беремін деп айтқан. Бірақ Гаухар Әлімбекова өз уәдесін орындамаған.  Сол күйі ақшасын да қайтармапты.

Бақыт Назарова болса құрбысына сеніп көлігін сатып, несие алғанын айтып, өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етті. Гаухар Әлімбековаға 40 мың долларды қайтару міндеттелді. 

Ал прокурор болса танымал әншіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір