• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:36:58
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 Оқиғалар

Физиология және медицина саласындағы 2017 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі белгілі болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп.

Олар – Джеффри Холл, Майкл Розбаш және Майкл Янг. Мәртебелі сыйлық ағзаның «жасушалық сағатын» зерттеп-зерделегені үшін америкалық ғалымдар тобына бұйырған. Олардың ашқан жаңалығы адамдар, жануарлар мен өсімдіктердің тәуліктік циклдың түрлі кезеңдеріне қалай бейімделетінін түсіндіреді.

Айта кеткен жөн, осы аптада Нобель апталығы басталды. Алдағы күндері физика, химия, әдебиет және бейбітшілік саласындағы сыйлық иегерлерінің есімі жария етілуі тиіс. Ал салтанатты табыстау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір