• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 00:05:38
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2016 Фото-баян

Финляндиялық қорап қазақтың әйелдеріне керек-ақ

Финляндияда әрбір бала көтерген анаға оның табысына, отбасылық жағдайына қарамастан мемлекеттен сәбиге қажетті заттармен жабдықталған арнайы қорап беріледі.

Финляндияда әрбір бала көтерген анаға оның табысына, отбасылық жағдайына қарамастан мемлекеттен сәбиге қажетті заттармен жабдықталған арнайы қорап беріледі.

Ол жинаққа баларларға арналған жөргек, комбинезон, қолғап, жаялық және көптеген қажетке жарайтын заттар кіреді. Алайда, жас аналар қораптың өзін балаларға арналған төсек ретінде пайдаланады.

Оған қоса, Финляндиядағы бала өлімінің көрсеткіші төмен болуының бір себебі сәби өмірінің алғашқы жылдарында дәл осы қорапты төсек орын ретінде пайдаланғандықтан деген пікірлер де бар.

Финляндияның билігі сәбилерге арналған қорапты 1938 жылдан бері таратып келеді. Алғашында олар тек тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болған, кейіннен 1949 жылы барлық қоғамға, әл-ауқатына қарамастан үлестіретін болды.

1930 жылы Финляндия кедей мемлекеттердің бірі болған және сәби өлімінің көрсеткіші өте жоғары болды: 1000-нан 65 сәби жасына жетпей шетінеп кететін. Алайда бұл қайғылы статистика тез арада жақсы жағынан өзгере бастады.

Қорапшаны пошта бөлімшелерінде тегін береді

Қорап қаптамасыз осылай көрінеді

Ішінде мыналар бар

Қорапта екі комбинезон, бас киім, қолғап бар

Және осындай бала орауға арналған жылы жөргек бар

Сондай-ақ қорапта әртүрлі бас киімдер, шұлық және колготкилер бар. Бөлек қорапшада кітапша, ойыншықтар, және балаларға арналған гигиеналық тауарлар бар.

 

Одан бөлек жаялық, орамал және көптеген балалар киімі бар. Барлығы гендерлік бейтарап түсте таңдалған. Қораптың ең төменгі бетінде қорапты төсек ретінде пайдалануға арналған арнайы матрас бар.

Бұл жас аналардың онсыз да машақаты көп ата-аналық жолында қолдау білдіру үшін өте жақсы идея болып табылады. Ал ең қажетті заттар бір қорапшаның ішінен табыла кетсе, ата-аналар үшін үлкен жеңілдік болмақ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір