• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:41:37
Алматы
+35°

09 Наурыз, 2019 Әлем

Финляндия үкіметі отставкаға кетті

Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімді премьер-министр Юха Сипиляның өзі қабылдаған.

Финляндия президенті Саули Ниинисте елдің премьер-министрі Юха Сипильмен кездесу барысында үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фин президентінің кеңсесі қазіргі министрлер кабинеті уақытша жұмыс істейтінін  хабардар етті.

"Президент үкіметтің отставкасын мақұлдады және жаңа үкімет тағайындалғанша жұмысты уақытша жалғастыруды сұрады», - делінген кеңсе мәлімдесінде. Үкімет әлеуметтік саулық саласындағы сәтсіз реформаға байланысты отставкаға кетті.

14 сәуірде Финляндияда үкіметтің сайлауы өтеді. Сол кезде жаңа үкімет құрылады. Әлеуметтік-демократиялық партияның көшбасшысы Анти Ринне отставканы түсініксіз шешім деп айтты.

Ол үкіметті Конституция талаптарына сай келмейтін заң жобаларын бастағаны үшін сынға алды. Кейін белгілі болғандай, үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімді премьер-министр Юха Сипиляның өзі қабылдаған.

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір