• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:48:24
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2019 Спорт

Футболшылар матчтың 24-ші минутында ауыз ашты

Қос ойыншының ауыз ашып жатқан фотосын белгілі журналист Матт Спироның твиттер парақшасында жария болды.

"Аякс" футбол командасының Нуссайр Мазрауи және Хаким Зиеш есімді ойыншылары "Тоттенхэм" командасына қарсы матчта 24-минутта ауыз ашты.

Голландиялық команданың марокколық ойыншылары Рамазан айының оразасын ұстауда. Қасиетті Рамазан айында мұсылмандарға тамақ пен судан, жаман әдеттерден күн шыққаннан күн батқанға дейін бас тартады. Мұсылман футболшыларына өздерінің діни парыздарын өтеуге жауапты матч кедергі болмаған.

Қос ойыншының ауыз ашып жатқан фотосын белгілі журналист Матт Спироның твиттер парақшасында жария болды.

Еске сала кетейік, Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы жауапты кездесу Амстердам қаласындағы "Йохан Круифф Арена" стадионында өткен. Матчта 2:3 есебімен лондондық команда жеңіске жетіп, аталмыш турнирдің финалына өтті.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір